» » Облыс әкімі: Көпқабатты тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз

Облыс әкімі: Көпқабатты тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз

ЖОСАЛЫ, 15 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz Былтыр мемлекет қаржысына салынған арендалық үйлердің негізгі құрылысы бітіп, облыс әкімі Қ.Ысқақов баспана кезегінде тұрған байқоңырлықтарға осы тұрғын үй кілтін табыстаған болатын. Бұл көпқабатты тұрғын үйлердің жалпы ауданы 15 мың 700 шаршы метрді құрайды. 5 үй мен инженерлік инфрақұрылымға 2,1 млрд теңге қаржы бөлінген. Жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету үшін табиғи газбен автономды бу қазандығы орнатылған. Бүгінгі күні Байқоңыр қаласында пәтер кезегіне 1252 адам тіркелген. Айта кеткен жөн, аймақ басшысы бұл игі бастама биыл да жалғасатынын атап өткен болатын.
– Бұл бастаманы одан әрі жалғастырып, тағы 5 көпқабатты тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Бірнеше жылдан бері кезекте тұрған жерлестеріміз баспаналы болып, қуанышқа бөленуде. Жұлдызды қаланы жаңа нысандармен толықтырып, жаңартуға қолдау көрсеткен барлық құрылыс компаниясына және жұмысшыларға алғыс айтамыз. Қоныстарыңыз құтты болсын, – деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
Баспаналы болғанның ішінде «Бәйтерек» қазақстандық-ресейлік кәсіпорнының қызметкері Қорғанбек Қайназаров та бар.
– 5 қабатты сәулетті 5 үй қазақстандық көгілдір отын арқылы жылытылады. Жаңа үйге қоныстанушылар ресейлік жылу тарату тарифінен бірнеше есе төмен бағада төлейді. Бұл қазақстандық зымыран кешенін құру үшін тынбай еңбектеніп жүрген кәсіпорын мамандарын ынталандыра түседі, – дейді ол.
– 250 пәтердің 50-і «Байқоңыр» ғарыш кешеніндегі қазақстандық құрылымдарда жұмыс істейтін мамандарға қызметтік баспана ретінде берілді. Қалған пәтерге көп жылдан бері кезегін күткен біз секілді тұрғындар жайғасты. Қуанышымызда шек жоқ, – дейді байқоңырлық тұрғындар.
15 қаңтар 2020 ж. 715 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 385
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 177

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930