» » Байқоңырлықтарға пәтер кілті табысталды

Байқоңырлықтарға пәтер кілті табысталды

Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақов баспана кезегінде тұрған байқоңырлықтарға тұрғын үй кілттерін табыстады. Бұл көпқабатты тұрғын үйлердің жалпы ауданы 15 мың 700 шаршы метрді құрайды. 5 үй мен инженерлік инфрақұрылым үшін 2,1 млрд теңге қаржы бөлінген.

Көпқабатты тұрғын үйлерді пайдалануға беру салтанатына облыс әкімімен бірге облыс әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Б.Намаев пен Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының міндетін атқарушы В.Лопаткин де қатысты.
Нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын қаржыландыру «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету үшін табиғи газбен автономды бу қазандығы орнатылған. Бүгінгі күні Байқоңыр қаласында пәтер кезегіне 1252 адам тіркелген.
Баспаналы болған жұлдызды қалашық тұрғындарын құттықтаған аймақ басшысы, бұл Байқоңырда соңғы 30 жылда салынған алғашқы тұрғын үй құрылысы екенін атап өтті.
" Келесі 2020 жылы осы жақсы бастаманы одан әрі жалғастырып, тағы бес көқабатты тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Бүгінде осы қалада тұрып, әр салада еңбек етіп жатқан елу мыңға жуық қазақстандық азаматтар бар. Бірнеше жылдан бері кезекте тұрған жерлестеріміз баспаналы болып, тұрмыс жағдайын жақсартып, үлкен қуанышқа бөленуде. Жұлдызды қаланы жаңа нысандармен толықтырып, жаңарту идеямызға қолдау көрсетіп, алғашқы тұрғын үйлердің құрылысын бастаған барлық құрылыс компанияларына және жұмысшылардың еңбектеріне қала тұрғындарының атынан алғысымызды айтамыз. Қоныстарыңыз құтты болсын ",- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
08 желтоқсан 2019 ж. 809 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 873

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930