» » ҚР Премьер-министрі А.Мамин Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді

ҚР Премьер-министрі А.Мамин Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді

Жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен, сонымен қатар, ғарыш саласындағы Қазақстан-Ресей тараптарының ортақ жобаларын жүзеге асыру барысымен танысты. "Союз МС-15" басқарылатын ғарыш кемесінің ұшырылуы сәтін тамашалады. Жұлдызды қалашықта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйлерді аралап көріп, қаланы газдандыру жұмыстарымен танысты.
Асқар Ұзақбайұлына Байқоңыр қаласында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов баяндады.
Байқоңыр қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 50 пәтерлі бес үйдің құрылысы аяқталды. Құрылыстың жалпы аумағы-15,7 мың шаршы метр, мұнда 250 пәтер бар. Үйлер орталық су және кәріз жүйесіне қосылған. Жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету үшін табиғи газбен автономды бу қазандығы орнатылған. Қазіргі уақытта баспана кезегінде тұрған Байқоңырдағы ҚР азаматтарына пәтер берілуде»,-деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, "Қызылорда облысын газдандыру және жаңа активтер құру" инвестициялық жобасын іске асыру аясында Байқоңыр қаласын "Бейнеу - Шымкент" газ құбырына қосу және Байқоңыр қаласының жеткізуші газ құбыры мен кварталішілік газ тарату желілерін салу бойынша жұмыстар жүргізілді. Бүгінде қазақстандық әлеуметтік нысандар мен бой көтерген 5 көп қабатты тұрғын үй газ желілеріне қосылған. Тұтынушылар үшін газ бағасы-20,90 тг м3.
Премьер-Министрге «Байқоңыр» кешенінде еркін экономикалық аймақ құруға байланысты атқарылып жатқан жұмыстар да баяндалды.
Содан соң, Асқар Мамин қонақ үй кешендерінің құрылыс барысымен, атап айтқанда, "Ресей" қонақ үйі мен "Нөлдік квартал" қонақ үй кешенін қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.
Қазіргі таңда қаланың ойын – сауық-туристік әлеуетін арттыру үшін Қызылорда облысының әкімдігі мен Байқоңыр қаласының әкімшілігі "Ресей" қонақ үйі мен "Нөлдік квартал" нысандарын жалдан шығару мәселесін талқылауда.
Қызылорда облысына жұмыс сапарының соңында ҚР Премьер – Министрі "Союз МС-15" басқарылатын ғарыш кемесінің ұшырылуы шарасына қатысты. Ғарышкерлер -Олег Скрипочка (РФ), Джессика Меир (АҚШ) және Хазза аль-Мансури (БАӘ).
26 қыркүйек 2019 ж. 946 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031