» » ГАЗ: Ендігі орнату қалды

ГАЗ: Ендігі орнату қалды


4 жыл бұрын ауданға көгілдір отын жеткізілген болатын. Сол уақыттан бас­тап кентішілік газ желісінің құрылысы қарқынды жүргізіле бастады. Оған елең еткен жұрт газдың күні алыс емесіне үміттенді. Қақаған қыста көмір іздеп, әбігерге түсетін тұрғындардың үміті ақталып, кент іші көгілдір отынға қосылды. Ендігі игілікті көру қалды. Ол үшін не істеу керек?
Кент көгілдір отынға қосылғалы дүйім жұрттың ойы түрлі тарапқа бөлінді. Бірі – қуанып, бөркін аспанға атса, екіншісі – сенімсіздікпен қарап, «өзіміздің көмірімізді алып қамдана берейікке» басты. Ал ендігісі – үйіне газ кіргізудің бағасы тым қымбат екенін айтып, қалтасы көтермейтінін жеткізді. Расымен солай ма? Осы сұрақтар төңірегін қаузау үшін ауданда орналасқан жеке серіктестіктермен байланыстық. Бір емес, бірнеше қызмет көрсету орталықтары бар. Соның бірі – аудан орталығында орналасқан «GAZ neft service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандарымен тілдестік. Олардың сөзінше газды үйге тарттырып, орнатып, құру анау айтқандай қымбат емес. Тіпті ай сайын бөліп төлеу үшін несиеге беретіндерін де жеткізді. Мәселен бұл жерде газ жүйесін орнату, жабдықтарын сату, пештерін орнату, толық құжаттарын рәсімдеу, несиеге рәсімдеу сынды қызмет түрлері көрсетіледі. Әрі жылдам, сапалы екенін алға тартады олар.
Қазір ауданда үйге газ кіргізу, оны орнату жұмыстары әлдеқашан бас­талып, жұмысы қарқынды жүруде. Құрдырушылар саны да көбейіп келеді. Осындайда көп тұрғында ол үшін не істеу керек деген сауал болады. Маман не дейді?
– Газ құбыры – үйдің маңызды бөліктерінің бірі. Сол арқылы бөлмеде жылу пайда болады, газ құрыл­ғы­лар­ы­ның көмегімен тамақ дайындауға және үйдегі ыстық су үшін жылу суын алуға болады. Егер дұрыс пайдаланылмаса, газ қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Бұған жол бермеу үшін газ құбырын орнатуда қолданылатын нормаларды сақтай отырып орнатылуы керек. Ал аудандағы мамандандырылған серіктестіктер құрыл­ғылардың қауіпсіздігі мен дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Тұрғындарға не істеу керегін айтып, құжат әзірлеуіне жол сілтейді. Бағасынан шошиды ғой көбі. Мұнда қаладағыдай емес, әлдеқайда қалтаға қонымды баға бар. Мәселен, бізде газ трубаларын үйге кіргізуде 25 метр 100 мың теңгеге шығады. Ал қалған метріне 2000 теңгеден қосылып отырады, – дейді «GAZ neft service» ЖШС директорының орынбасары Жеткерген Тоқмаханов.
Газ құбырын орнатуды келісу қандай тәртіпте жүзеге асырылады? Мамандардың айтуынша, алдымен газ саласын бақылайтын компанияға өтініш жазыңыз. Одан соң маман белгілі бір жұмыстарды жүргізу мүмкіндігі туралы шешім шығарады. Егер жұмысқа рұқсат етілсе, онда маман олардың орындалу бағасын жасайды. Ескерген жөн, газ пештерін орнатқанда желдеткіш терезесі бар арнайы оттық бөлмеде орнатылады. Әрі желдеткіш тесік ойы­лады. Ешбір сылтаумен (жәндік кіріп кетпесін, сәнін бұзып тұр, ыңғайсыз, қолайсыз және т.б.) сорып шығару және желдету құбырларын бітеп, жаппау қажет. Ауада небәрі 0,1 процент иіс газы шоғырланғанда адам бір сағаттан кейін есінен танады. Ал 0,5 процент иіс газы шоғырланғанда адам 20 минуттан соң уланып қалады, 1 процентте бір минутта жан тапсырады. Көгілдір отынды пайдаланарда қарапайым ережелерді сақтасаңыз, қауіпке қарсы қарекет еткеніңіз. Ал үйге көгілдір отын қосқыңыз келсе, кенттегі барлық жеке серіктестіктің есігі әрдайым ашық.

Айнұр ӘЛИ
24 шілде 2021 ж. 868 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 262

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 361

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930