» » Қазақстанда жұмыртқа уақытша арзандады

Қазақстанда жұмыртқа уақытша арзандады

Елімізде жұмыртқа арзандады. Өнімнің шекті бағасы 6 пайызға  төмендеген. Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы өкілдері бұл тек маусымдық өзгеріс деп отыр. Өйткені аптап ыстықта фермалар мен жеке құс өсірушілерден арзанырақ бағаға сатып алынып, ал дүкен сөресіне жеткенде тұтынушыға сол баяғы құнмен сатылып жатыр.  Бұл туралы  КТК арнасы хабарлады. 


Айтарлықтай арзандағаны сезілмейді. Өйткені алыпсатарлар бағаны арзандатуға құлықсыз. Жем-шөптің бағасы реттеліп, мемлекеттен субсидия бөлінбесе, күзде жұмыртқа қайта қымбаттауы мүмкін. Жұмыртқаның арзандағаны халықты қуантқанымен, осы шаруашылықпен айналысып отырғандардың көңілін түсірген. Мәселен, 5 мың тауық ұстайтын Юлия Барсукова бұрын күніне үш мыңнан аса жұмыртқа алып сатылымға шығарған. Қазір оның бірі де жоқ. Өйткені пандемия басталғалы жем-шөп қымбаттап, жұмыртқа бағасының түскені тек шығынға ұшыратқан. 
“Біз бұрын мемлекеттен мүлдем көмек сұраған емеспіз. Пандемия басталғалы қарызға баттық. Қазір бар-жоғы алып қалғаным 60 шақты үйрегім ғана. Қалған тауықтың бәрін сатып жібердім. Өйткені жем-шөбін табу мүмкін болмады. Былтыр жем-шөптің бір келісі 200 теңге болса, биыл 360. Енді қандай іспен айналысарымды да білмеймін”, – деді құс шаруашылығының иесі Юлия Барсукова.
Алматы облысының базарларында жұмыртқа құны әсіресе қыста  қымбаттайды. Қазір саудагерлер көтерме бағамен өнімнің  бір данасы 35 теңгеден келеді деп отыр. 
“40 теңгеден саттық. Қазіргі бағасы 38 теңгеден. Қорабымен сатқанда, көтерме бағамен өткізгенде 36 теңгеден береміз. Қыста менде 42, 55, 50 теңгеден болды. Бірақ желтоқсанда қымбаттап кетті. Ол кезде 58 теңгеден саттық”, – деді Алматы облысының тұрғыны Күнсұлу Бейісова.
Супермаркеттерде баға онша арзандамаған. Мұнда 1-санаттағы жұмыртқаның әр данасы 46- 52 теңгеден сатылып жатыр. Яғни ондығы бұрынғыша 465-525 теңге аралығында. Алайда сатушылар бұл бағаның төмендеуі мүмкін дейді. Еліміздегі жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, баға тұрақсыздығына былтырғы құс тұмауының да кесірі тиген. Соның салдарынан биыл өндірушілер тек 2 миллиардқа жуық өнім алыпты. Ал бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға төмен. 
“Жұмыртқа бағасының өзгеріп отыру жыл сайынғы құбылыс. "Маусымдық өзгеріс" дейміз. Сұранысқа да байланысты. Мәселен, көктем, күз айларында құны өсіп, жазда бағасы төмендейтін кезең. Яғни аптап ыстықта сұраныс азаяды”, – деді Қазақстан жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының төрағасы Максим Божко.
Күн ыстықта өнімді тезірек арзанырақ бағаға сатып құтылмаса тез бұзылып кетеді. Ал былтырғы құс тұмауынан кейін фабрикалар жұмысына қайта кіріскен. Жем-шөптің екі есе қымбаттауы да бұрынғыдай көп өнім өндіруге мүмкіндік бермейді. Қауымдастықтағылар тауық өсірушілердің мәселесін жан-жақты қарастырып жатыр. Әйтпесе күзге қарай баға одан сайын шарықтауы мүмкін.
30 маусым 2021 ж. 386 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 259

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 358

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930