Топ-баннер
Топ-баннер2
» » Қазақстанда ет, көкөніс, жұмыртқа бағасы қымбаттады

Қазақстанда ет, көкөніс, жұмыртқа бағасы қымбаттады

Қазақстанда көкөніс, ет, балық, жұмыртқа және өзге де азық-түлік бағасы қымбаттады. Сарапшылар биылғы жылы арзан көкөністер маусымы әлдеқайда ерте аяқталғанын айтып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz порталына сілтеме жасап. 

Сарапшылардың есебінше, қыркүйекте қырыққабат пен қиярдың бағасы тамыз айымен салыстырғанда шамамен 15 пайызға өскен. Ал сарымсақ 7,3 пайызға, үрмебұршақ 1,7 пайызға қымбаттапты. 
Бұл орайда пияз (бір айда 25,2 пайызға), сәбіз (22,8 пайызға), қызылша (9 пайызға), картоп (8,2 пайызға) тәрізді маусымдық көкөністер бағасы арзандаған. Ал қызанақ бағасы небәрі 1,4 пайызға төмендеген. Ендігі олардың да бағасы өсуі мүмкін. 
Жемістер арасында апельсин бағасы бірден 4,3 пайызға айтарлықтай қымбаттапты. Ал банан, керісінше, 2,8 пайызға арзандаған. 
Қыркүйекте жануарлардан алынатын өнімдер арасында жұмыртқа бірден қымбаттады. Оның бағасы 6,1 пайызға өскен. Сонымен қатар мұздатылған балық 2,3 пайызға, сиыр еті 2,1 пайызға, жылқы еті 2 пайызға өскен.
Дәнді дақылдар арасында бидай 3,1 пайызға және күріш 2,2 пайызға қымбаттаған. 
Ал сусындар мен бакалея тауарларының арасында бағаның жоғарылауы байқалмады. Мысалы, қант бір айда 4,6 пайызға арзандапты.
30 қыркүйек 2019 ж. 1 517 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 566
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 365

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031