» » ЕКІ ҚОЛҒА БІР КҮРЕК ҚАЙДАН БОЛСА ТАБЫЛАР

ЕКІ ҚОЛҒА БІР КҮРЕК ҚАЙДАН БОЛСА ТАБЫЛАР


Жыл сайын Елбасы Жолдауында еліміздің даму әлеуетіне жан-жақты талдау жасалып, алдағы мақсат-мұраттар айқындалады. Соның бірі де бірегейі – халықты жұмыспен қамту мәселесі. Бұл тұрғыда жұртшылықты жұмыспен қамтамасыз ету деңгейін өсіру, халықтың әл-ауқатының артуына үлес қосу, жұмыссыздықты болдырмау мақсатында «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» орны айрықша. Оған мемлекет тарапынан қомақты қаражат қаралған.
Өңірде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың нәтижесі қандай, ауданда қанша адам тұрақты жұмыспен қамтылды? Осы және басқа да сауалдарға жауап іздеп көрейік. Аталған бағдарламаға қатысуға 2017 жылы жалпы саны 3624 адам хабарласса, олардың барлығымен әлеуметтік келісім-шарт жасалған. Оның ішінде 29 адам өзін-өзі қамтыған қатарынан болса, 3595 адам жұмыссыз.
Бағдарламаның І бағыты бойынша өткен жылға қайта даярлау курсына 350 адам жоспарланса, оқуға 394 адам жолданған. Мұның 356-сы оқу курсын толық аяқтады. Ал олардың ішінде оқуды аяқтаған бағдарлама қатысушыларынан 4 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. ІІ бағыт бойынша 2017 жылға жоспарланған 107 жұмыссыз азамат кәсіпкерлік негіздерін оқытатын «Бастау Бизнес» курсынан өтті. Қазіргі уақытта оқуды аяқтаған азаматтардың жобалары қаржы институттарында қаралуда. Жыл бойы 53 жоба 133,7 млн. теңгеге несиелендірілді. 53 жобаның ішінде барлығы 15 млн. теңгеге мүмкіндігі шектеулі азаматтардың 6 жобасы қолдау тапты. Нәтижесінде 53 жаңа жұмыс орны ашылды.
Бағдарламаның ІІІ бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына республикалық және жергілікті бюджеттен 2017 жылға 55 адамға 15 млн. 132 мың теңге бөлініп, қаралған қаржыға аудан бойынша 28 кәсіпкерлік субъектісіне 151 адам жұмысқа жолданды. Олардың 1-еуі адам мүмкіндігі шектеулі азамат. Жастар тәжірибесіне жыл басынан 163  жас маман 73 мекемеге жолданды. 1 мүмкіндігі шектеулі азаматты қоса есептегенде 24 адам тұрақты жұмысқа қабылданды. Қоғамдық жұмысқа 400 жұмыссыз, оның 5-еуі мүмкіндігі шектеулі азамат жіберілді.
–Облыстық статистика департаментінің мәліметіне сүйенсек, ауданда экономикалық белсенді халық саны – 24 мың 800 адамды құраса, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны – 23 мың 500 адам. Жалдамалы қызметкерлер – 13 мың 300 адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғаны – 10 мың 100 адам, жұмыссыз халық саны – 1 мың 300 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі – 5,2 пайыз. Жастардың жұмыссыздық деңгейі – 5,5, әйелдердің жұмыссыздық деңгейі – 5,6 пайыз.2018 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша есепте тұрған жұмыссыз азамат саны (Байқоңыр қаласын қоса есептегенде) – 264 адам, тіркелген жұмыссыздар үлесі – 1,0  пайыз. Өткен жылдың 12 айында 878 адам тұрақты жұмысқа орналастырылса, оның ішінде мүгедек - 29, жазасын өтеп келгендер мен пробация есебінде тіркеуде тұрған – 10 адам және 16-29 жасқа дейінгі – 246 жас.Былтырғы жылы аудан бойынша 800 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланса, 1099 жаңа жұмыс орны ашылып, жоспар 137,3 пайызға орындалды. Оның 802-сі тұрақты да 297-сі уақытша жұмыс орны болып табылады. Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында ағымдағы жылдан бүгінгі күнге дейін 12 рет бос жұмыс орны жәрмеңкесі өткізілді, дейді аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Данияр Ахметов.
Осылайша өкірде жұмыссыздық мәселесі мемлекеттік бағдарламалар арқылы өз шешімін табуда. Адамдар қай кезде бақытты немесе болашағына алаңсыз сеніммен қарай алады? Әрине, тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтылғанда, елдің әл-ауқаты артып, әлеуметтік тұрақтылыққа қол жеткізгенде ғана. 
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ.
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет).
 «Қармақшы таңы».
 
 
 
04 сәуір 2018 ж. 1 633 1

JeaCold от 26 ақпан 2019 18:03
Cialis Pas Cher Levitra viagra e infarto Side Affects Of Cephalexin Zzpills Cheapviagrarx

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031