» » АУЫЛ МАҢЫ БІЗ ТҰРҒАН – ТАРИХЫ БАР СЫР ТҰНҒАН

АУЫЛ МАҢЫ БІЗ ТҰРҒАН – ТАРИХЫ БАР СЫР ТҰНҒАН

Мектеп музейіне бас сұққанымызда осы сөз көзімізге оттай басылды. «Бәрекелді» десіп, ішке ендік. Музейді айтулы мектептің тарих пәні мұғалімі, өлкетанушы Сақтапберген Қосбаев 2015 жылы өзі жабдықтаған. Оған ұжым болып ат­салысып, ауыл тұрғындарынан ескі жәді­гер­лер жинақталған. Бұл жұмыс – әлі де өз жал­ғасын табуда. «Әлемнің әміршісі – еңбек» тақырыбындағы стендіде тарихи тұлғалардың суреті ілінсе, «Есіміңді ұмытпайды ұрпағың», «Ерен еңбек иелері» атты қабырға бұрышы да өткеннен сыр шертеді.
Келу мақсатымызды білетін ұстаз-ұйым­дастырушы С.Қосбаев мұражайдағы әрбір экспонатпен асықпай таныстырды.
– Мұнда 1964 жылы ауылға көшіп келген ауыл адамдарының тұтынған заттары қо­­й­ылған. Мұражай – ұрпаққа мол мұра. Өткенің бол­­маса, бүгініңе не айтасың, ертеңіңе тастап ке­­терің болмаса – келешегіңе қалай қарайсың. Тарихты түйсіндіру – міндетіміз, – дейді тарихшы.
Музейде ескі күбі, қырықтық, келі, үш таған ошақ, шойын қазан, жез сақина, бойтұмар, патшалық ақша, тағы басқа тарихи жәдігерлер тұнып тұр. Шыны керек, мұнда кіргенімізде басқа бір әлемге енгендей болдық. Ауыл ұстасы Әлиакбар, Байнаш ұсталардың қолынан шыққан ағаш қалып, ағашқа салатын түрлі ою-өрнек үлгісі, кілем тарақ, кебеже, бау тоқитын құралы 60-70 жылдарды еске оралтқандай. Әлиакбар ұста бүгінде 87 жаста. Ұрпағының ортасында отырған мәуелі бәйтерек.
Т.Көмекбаев дегенде, Шірік-Рабат, Сырлытам қалашығын елестетпеу мүмкін емес. Жергілікті музейде осы тарихи орыннан табылған біршама құнды дүниелер де орын алған. Тас дәуірден бастап орта ғасырлық ұршық бас, құйма күміс білезік, қыш ыдыс, жез таралғы, сонымен бірге темір дәуірінен шеге, кісен, елеуіш, таға құды бір естеліктей. Жетіасар мәдениетінен «Қаңлы ыдысы» көрініс тапса, ХІХ ғасырдан құман, шырағдан теберіктей жетіпті. Музейде танымал жырау Алмас Алматов пен айтыскер ақын Серік Ідірісовтің де жеке шығармашылығына бұрыш арналыпты. Бізге аса әсер қалдырған екі нәрсе болды. Бірі – осыдан екі, үш жыл бұрын «Айторыбұлақ» басынан табылған Таңбалы тас. Тасты отынға барған ауыл жігіттері тапқанға ұқсайды. Үстіңгі қабатында қашалып жазылған жазулар бар. Өкінішке қарай, бүгінге дейін бұл белгілерді ешкім оқи алмаған. Қызығы сол – жазу бел­гілері бір-біріне ұқсамайды. Қабатындағы бе­тінде жылқы суреті бейнеленген. Келесі бе­тінде қазақтың ою-өрнегі ойылған. Екіншісі – сыңғырлаған жез қоңырау. Әлбетте, көне. Қоңырау – «Кекірелі» елді мекеніндегі №254-ші 8 сыныптық мектепке тиесілі. Білім ұясы – 1976 жылы ашылып, 1996 жылы жабылған. Жиырма жылдық ізі бар мектепке бір кездері Ер Сейтпенбет бабаның тікелей ұрпағы Әли Әбдиев басшылық еткен.
Музейден шопандарға қызмет көрсеткен көшпелі киноқондырғы, радиоқабылдағыш, пио­нер ұйымының кернейі, соқпалы аспап, жазу машинкасы, гитара, тіпті рация да табылады. Елдің тарихын жинап, өскелең ұрпаққа мирас ету – көрегенділіктің белгісі. Бәлки, мұражай келешекте мұнан да үлкейіп, ауқымы кеңейер. Осындай инемен құдық қазған жұмысқа дәнекер болған Сақтапберген ағамыздыкі шынында да үлкен еңбек.
С.Райымбаева
08 сәуір 2019 ж. 1 865 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 999

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031