» » » ТҰРМАҒАМБЕТ ТҰТЫНҒАН ТАҚИЯ

ТҰРМАҒАМБЕТ ТҰТЫНҒАН ТАҚИЯ

Парсы ақыны Фердаусидің 30 жыл жазған әйгілі «Шаһнамасын» 11 айда 11 буынмен аударып жазып шыққан Тұрмағамбет шайырдың тұтынған тақиясы бүгінде өзі туып-өскен Тұрмағамбет ауылының №29 орта мектеп музейінде 1990 жылдан бері сақтаулы. Оны баласы Әбдірауық тапсырған еді. Сондай-ақ, ақынның құнды жәдігерінің бірі – «Шаһнаманың» алғашқы машинкаға терілген нұсқасы да осында. 2000-ға жуық мұрағаты бар музейді 1973 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Қаз КСР-нің әдіскері, үздік педагог Қаражан Қожабаев «Сыр елі – жыр елі» атты бұрышпен негізін салған-ды. Айтулы бұрыш уақыт өте келе музейге айналды. Мектептегі бала санының өсуіне орай, 1989 жылы білім ұясына қосымша ғимарат тұрғызып, пайдалануға берілді. 1990 жылы мектеп басшысы Дариха Әмзебекова аталған ғимараттан музейге бөлме бөліп, өзге де жергілікті талант иелері мен еңбек майталмандары жайлы мектеп мұғалімдері мен оқушыларының зерттеу жұмысын музейге жинақтады.
Музейден Т.Ізтілеуовтің тақиясымен бірге, шапаны, көзілдірігі, пышағы, күл салғышы, қыны орын алған. 2015 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өнер жанашыры, мектеп директоры Зарипа Тасымова өз қаражаты есебінен заманға сай қайта жабдықтады.

Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет),
«Қармақшы таңы».
08 қазан 2018 ж. 2 487 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 344
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930