» » Ерлік ісі өшпек емес

Ерлік ісі өшпек емес


Әрбір перзенттің жүрек түкпірінде әкеге, анаға деген құрмет пен махаббаттың сақталатыны заңдылық. Ана мейірімімен, жылылығымен баулыса, әке баласы үшін алынбас қамал, биік қорған, асқар тау секілді. Өкінішке қарай, біздер әкемізден ерте айырылып қалдық. Мен тіпті ол кезде анамның құрсағындағы бала екенмін. Солай бола тұра әкеміздің адамгершілік қасиетін, батырлығын, ел қорғаудағы ерлігін ес білгеннен жаттап өсіп, өмірлік қағидамызға өнеге еттік.   
Әкеміз Алмаш Құлмұратов 1924 жылы қазіргі Жалағаш ауданына қарасты Еңбек кеңшарында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы басталған жылы жасөрім жігіт өзінің туған жылын құжатқа екі жасқа үлкейтіп жаздырады да, небәрі он жеті жасында ел шебін қорғауға майданға аттанып кете барады.
Сол кеткеннен мұздай қаруланған неміс басқыншыларымен 1941 жылы Калининград, Брест қалаларында кескілескен ұрысқа қатысып,  ерлік көрсетеді. Екі жыл қатарынан майдан даласында жаудың бетін қайтарып, жеңісті күндерді жақындатуға күш-қайратын жұмсайды. Бір ауыр тигені, 1943-1944 жылдары ұрыс алаңында  әкеміз ауыр жарақат алып, Бакудегі әскери емдеу госпиталіне жеткізіледі. Сол жантүршігерлік алапат соғыста ерлік жасап, әкеміз бір қол, бір аяғынан айырылады. Снарядтың жарқыншағынан денесінің бірнеше жерін оқ тескілеп өтеді. 1941 жылы майданға кеткеннен 1947 жылы 1-топ мүгедегі болып елге, отбасына оралады. Бакуде госпитальде емделіп жатқан кезінде уақытын босқа өткізбей, есепшілік курсын оқып алады.  Елге келген соң мүгедекпін деп қарап жатпай, бірнеше мекемеде бухгалтер болып қызмет атқарады.  Атап айтсам, Ақжар ауылында МТС-те есепші болып істеп, шаруашылық жұмыстарын жүргізеді. "Наурызбай" ауруханасында да абыройлы еңбек етеді. Отбасы жағдайына және жұмысын жауапкершілікпен атқаруына байланысты сенім артып, Жосалы кентіндегі (сол кезеңде болған) Балалар үйіне есепші етіп жіберіледі.
"Ерді – ел таниды" атты кітабында Жұмабек Ешмұратұлы көкеміз ағасына мынадай өлең жолдарын арнайды.
"Алласы бір баласын берген еді,
Көз жасын ата-ана көрген еді.
Мектепке ерте барып, жалғыз бала,
Оқуда үздік өзі болған еді.
Он алты, он жетіде соғыс бардың,
Ерлік қылып жас болсаң да медаль алдың.
Командир, 40 солдатқа басшы болып,
Ішінде қатарыңның оттай жандың.
Төрінде қан майданның қыста қалып,
Оқ тиіп жарақатты мықтап алдың.
Кескенде аяқ-қолды докторларың,
Қапсыр мен қайратыңды сынға салдың.
Мойымай қиындыққа елге келдің,
Керексің өз еліңе жақсы білдің.
Екі жыл госпитальден оқып шығып,
Жемісін сол білімнің елге бердің..."
Соғыс баланы жетім, ананы жесір, қаншама ер азаматты жер жастандырды. Оның ауырпалығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оның тауқыметін тартқан отбасының бірі – біз болдық. Оқ пен оттың астында жүріп, артындағы елін қорғауға жанын салған ардақтымыздың зұлмат соғыс салған жарақатынан денсаулығы сыр беріп, 1956 жылы, яғни 32 жасында өмірден өтті. Соңында тыл ардагері, анамыз Мариям Құлмұратова 26 жасында жесір атанып, үш баласының аманатын арқалап қала берді. Атамыз бен әжеміз болса, бар өмірінің мәні мен мағынасы, қуанышы мен қызығы болған жан дегенде жалғыз баласының қазасын көтере алмаған күйі олар да мына жарық дүниемен қош айтып кете барғаны – әрине, анамыз үшін өте ауыр болғаны ақиқат.  Десе де, анамыз да жарының алдындағы аманатын адал атқарып, балаларын жеткізіп, олардан немере-шөбере сүйіп, 89 жасында бақилық болды.
Әкеміздің майдандағы ерлігі ескеріліп, 1951 жылы "Ерлігі үшін" мемлекеттік медалімен марапатталса, анамыз "Еңбек ардагері", Жеңістің 50, 60, 70 жылдық мерекелік медальдерімен мадақталды.
Ерлік қашан да ел есінде ұзаққа сақталады. Бүгінгідей мамыражай өмірді сыйлап кеткен аталарымыз бен әкелеріміздің ерлікті істері ешқашан ұмытылмақ емес. Өйткені ерлік ісі – мәңгілік!
Сарқыт ҚҰЛМҰРАТОВА,
қызы
     
09 қараша 2024 ж. 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 085

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031