» » ТАҒЗЫМ ЕТТІМ

ТАҒЗЫМ ЕТТІМ

Әке деген бір ауыз сөзге сусап өскен ұр­пақпын. Әкемді көзім көрмесе де, оның әкелік мейіріміне қанбасам да – әкем мен үшін аласармас тұлға, мәң­гілік өшпес бейне. 1942 жылғы Ұлы Отан соғысы басталып, асқар тау әкем – Қалабай Жүсіпов сол сұрапыл соғысқа аттанып кете барғанда мен әлі қыр­­қымнан шықпаған сәби екенмін. Әйтсе де, майдангер 1943 жылдың 14-қаң­та­рында Сталинград үшін болған ауыр шай­қаста ерлікпен қаза табады.
Ол өзі мейірімді, аса сабырлы кісі болыпты. Сол кездің көзі ашық, оқыған азаматының бірі болған. Жосалыдағы Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектепке басшылық еткен. Ұстаздық жолмен аудандық білім бөлімінде инспектор қыз­метін абыроймен атқарған.
Менің әкеге деген ыстық сезімім мен ілтипатым тоқырап көрмепті. Есейе келе тіпті жиі сағынатын болдым. Суретіне қарасам, аузынан түсіп қалғандай екенмін. Өзінен сондай аумаймын. Ойлана келе әкемнің мәңгілік тыныстаған мекеніне  бір барып қайтуды алдыма мақсат еттім. 2006 жылы Ресейдің Волгоград қаласына жолға шықтым. Бірқатар жерді артқа тас­тап, Калачев ауданына қарасты  Дмитриевка хутрындағы «Бауырластар зиратын» тауып алдым. Сол талай адамның қаны төгілген қасиетті мекенге туған жердің топырағын салып, басына Құран оқытып қайттым. Мұнан соң да әкемнің жатқан жеріне барып, тәу етіп, тағзым жасадым.
Иә, от пен оқтың ортасында жүріп, Отанымызды жаудың тырнағынан аман алып қалған аталарымыздың рухы мәңгі жасай бермек. Ерлік пен елдік ешқашан ұмытылмайды. Қазір – тәуелсіздіктің тұ­ғырлы туы астында жасампаздықпен ғұ­мыр кешудеміз. Әрі қарай да солай бола береді. Жаратқан иеміз сұм соғыс пен алапат дүрбелеңнен сақтасын!
Рая ЖҮСІПОВА,
Қаскелең қаласы.    
09 мамыр 2019 ж. 1 159 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031