» » Қазақтың қазынасы

Қазақтың қазынасы

qarmaqshy-tany.kz Жер – қазақ елінің еншісіндегі маңдайына жазылған несібесі, киелі байлығы. «қасиетті жер – ана үшін болған күрес, күрестердің күресі» деп М.Шаханов айтқандай, осы байлығымыздың талан-таражға түспеуі үшін алаштың қаншама арысы аянбай еңбек еткені де белгілі. Сол арыстарымыздың жер дегенде жарғақ құлағы жастыққа тимей, қол қусырып қарап отырмағанының үміті ақталды ма? Бүгінде жерді сатуға еліміздің әр азаматы қарсы екендігі анық. Осы орайда жерге қатысты дау-дамай қазақ қазақ болғалы бері келе жатқан мәселе ме деп қаламыз кей кезде.

Тарих бетін парақтасақ, өткен ғасырда да бұл өзекті мәселе болған. ХХ ғасырдың басында «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» дейтін қазақ халқы үшін ең басты да көкейтесті мәселе – жер болды. 1905-1907 жылдардағы бас көтеруден кейін қазақ өзінің шұрайлы жерлерінен айрыла бастады. Егер 1893 жылдан 1905 жылға дейін, яғни 12 жылдың ішінде қазақтан 4 млн десятинадан артығырақ жер тартып алынса, 7 жылдың ішінде (1906-1912 жылдар аралығында) 17 млн десятинадан астам жер күшпен алынды. Оны ұлттық сананың ұйтқысы бола білген «Қазақ» газетінің бас жазушысы Ахмет Байтұрсынов «Қазақтың тірі я өлі болуы» мәселесіне теңеп жазды. Бұл «Қазақ» басылымын шығарушылардың түйіткілге айрықша көңіл аударып, оған бірінші мәселе ретінде қарағанын дәлелдейді. Газеттің 10 санында жарық көрген «Жер мәселесі» атты бас мақалада мынадай түсінік береді: «Біз бұл туралы бұрын жазған жоқ едік, жазбауымыз ұмытып кеткендіктен, яки керексіз деп білгендіктен емес, әркім жер деген сөзді жеңіл түсініп жүрген секілді. Бұл терең ойлап, терең қарайтын іс».

Кемшін дүние төңірегінде «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының әлсін-әлсін айтысып қалып жатуы да екі түрлі пікір туындатып отыр. Оның біріншісі – қала салып, отырықшылыққа көшу, екіншісі – көшпелілікті таңдау. Мәселені шешу тек қазақ зиялыларын ғана емес барша жұртшылықты толғандырған еді. Осыдан кейін Ахаң «Қазіргі қазақ түйіткілінің ең зоры – жер мәселесі. Бұл турасында қазаққа ақыл айтқанымыз қазақ һәм басқалар да қате ұқпастай етіп, анықтап, ашып сөйлескеніміз абзал» деп оған үлкен мән бере қараған.

Негізінен басылымдардың жер мәселесіне баса назар аударуы тегіннен тегін емес еді. 1909 жылы 9 маусымда жарияланған столыпиндік заң бойынша жер алуда екі түрлі норма болды. Ол қоныс аударушылар нормасы (әрбір ер адам басына 15 десятинадан), көшпелі нормасы (жан басына 12 десятинадан). Бұл шынын айтқанда қазақ халқын тонау еді. «Қазақ» газеті ең алдымен осы бір заңның заңдылық құқығына назар аударды. Әрине, патша қазақ жерін мемлекеттік деп жариялағанымен, 1891 жылғы «Далалық Ереже» бойынша қазақ жері мәңгілік қазақтың пайдалануына беріледі, тек қана артық жерлері ғана алынады деп көрсетілген болатын. Жалпы сол кездегі қазақ басылымдары кейіннен асыққан столыпиндік жарлықтың заңды-заңсыздығын анықтауға тырысып, қазақ жерін алуға деген қарсылықтарын білдірді. (Бұл мәліметтер Ө.Әбдімановтың «Қазақ» газетінен алынды.) Бұдан бір ғасыр бұрын да өзекті мәселе ретінде ақпарат құралдарының бетінен орын алған жер мәселесі әлі де белең алып тұр. Бірақ заман өзгеруіне байланысты бүгінгі жер туралы мәселе басқаша. Еліміз егемендік алып, Қазақстан көк туын желбіреткеннен кейін туындап отырған мәселе де – тәуелсіз өмірдің өз ағымымен жүретін мәселе болып отыр. Уақыт талабына сай проблеманың өзгеріп отыруы да еш қисынсыз емес.
Иә, біздің киелі жеріміз – қазақ елінің еншісіндегі несібесі, қасиетті байлығы. Әрбір қазақ баласы үшін жерден қасиетті, жерден қастерлі ешнәрсе жоқ.

Қасиет дарыған жерімізді қастерлеу, атабабаларымыздың аманатына адал болып, ұлан байтақ жерімізді қорғау, оны келешек ұрпаққа мирас ету – баршамыздың ортақ міндетіміз. Сондықтан ел еңсесі көтеріліп, халқымыздың жағдайы жақсарған тұста ортақ қазынамыз – жерімізді қадірлеу, жердің сатылуына қарсылық білдіру барша қазақстандықтардың міндеті деп білген жөн.
Қымбат БЕРДЕШ
20 сәуір 2023 ж. 461 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 996

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031