» » МЕЙІРІМ МЕРЕКЕСІ

МЕЙІРІМ МЕРЕКЕСІ

Наурыз – Шығыс халқы үшін басты мереке әрі жылбасы. Табиғат – Ананың жаңарып, жер жаһанды жасыл реңге бояйтын айтулы мезгілі. Ал, ол 14-наурыз – Амал күнінен бастауын алады. Жалпы, бұл мерекенің қадір-қасиеті қандай, одан не күтіледі? Наурыз мерекесі мен Амал күнінің айырмашылығы бар ма? Әрі қарай қаузайық.
Амал күнін «қауышу», «көрісу күні», «көрісу айты» немесе Нау­рызбасы деп атап жүрміз. Қалай айтылса да, оның түпкі мақсаты бір – елді бірлікке шақыру, жұртшылық арасында татулықты сақтау, барға қанағат, жоққа шүкірлік ету. Түсі­нікті болу үшін айтайық. Наурыз – ұлттық құндылығымыз. Оны қазақ халқы дәріптей білген. Кейбір пікір өзінің жансақтығын білдіріп жүр. Наурыз мерекесі мен амал күнін бөлек мереке ретінде қарастырып, жұртты шатыстырғысы келетіндей. Айналып келгенде – екеуі бір нәрсе. Халқымыздың ежелгі ғұрпымен Көрісу күнінде де Наурыздағы жо­рал­ғылар жасалады. Ата дәстүр Қазақстанның батыс өңірі мен Ресейдің бірқатар қазақы аймағында жақсы сақталған. Бұл күні адамдар ұйқысынан ерте оянып, таң бозара кішілері үлкендерімен сәлемдеседі. Көршілер бір-бірінің үйіне қы­дырыстап, дастарханнан дәм ауыз тиеді. Ақжарма тілегін айтып, жақсылық тілейді. Әйелдер мерекеге әзірлеген сәнді көйлегін кисе, қыздар иығына төгілген қос бұрымына шолпысын тағып, сән-салтанат құрады. Халық жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағынан аман шыққанына, көктемге жеткеніне қуанады. Ағайын-туыс алыстағы жегжатын іздеп барып, амандық-есендігін сұрасады. «Жасың құтты болсын», «Айдан-айға, жылдан-жылға жетуіңмен» деп ниеттестік білдіреді. Көрісу күнінің басты миссиясы мұнымен қоса, бұрынғы өкпе мен ренішті ұмытып, кешірім қылу. Арада араздық болса ол өткеннің еншісіне қалдырылып, ағайын-туыс, көрші-көлем бір-бірін нау­рыз көжеге шақырған, шаңыраққа бас сұққанды төріне қонақ етіп шығарған. Қауышу – ізеттіліктің де мерекесі. Бұл күні үлкендерге ерекше құрмет көрсетіледі.
Қазақ – ықылым заманнан бері бес қаруымен бірге, төрт түлігін де сайлаған халық. «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деп кесіп айтқан. Оның тіршілігі, өмірі малмен тығыз байланысты. Малдың күтімі, жайылымы, жағдайы бірінші кезекте жасалып отырған. Қыс қашан да малшы ауылдың беріктігін сынаған. Атамыз: «Қыс қатты болса – қысып жібереді», – деп сақтық еткен. Қыс қатты болса, малдың оты азайып, көтерем болуы мүмкін. Малы жұтаған, ашып-арыған елде қандай береке бар. Қазақ үшін жыл басы қыс емес, көктем. Наурыз тойы осынысымен ерекше. Осынысымен қадір-қасиетті. Қазақ нау­рызда қауышпағанда, наурызда көріспегенде қай кезде амал етпек?
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».
18 наурыз 2019 ж. 1 517 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 883
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 593

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930