
Өкініш (әңгіме)
Зорға шыдап келемін. Қасымызда балалар болған соң ғана өзімді күшпен басып, зорға шыдап келемін. Қырсыққанда, жол да бітер емес. Әлде мұны да бұл сұмырайәдейі істеп келе ме? Қаным қайнап келеді, қаным қайнап... Оған айтар әр сөзімді іштей қайталап, айтып жатқан кезімді көз алдыма елестетіп, дайындалып...




















