Ала сиыр

Менің қымбат ғұмырымды ұрлайтын.
Жан дүниеме маза бермей бір дауыл,
Кезек келді енді соны жырлайтын.
Бақыт таңы тұрды күліп аспанда.
Қиындық пен қызығы мол өмірде,
Талап қылсаң тау суындай жасқанба.
Көтеретін қайыспай жүк ауырын.
Ол күндер де сырғып өте шығады,
Сондықтан да қадірін біл, бауырым!
Айналады қаласа құт жетеуі.
Мал базарға барды-дағы бір күні,
Ала сиыр сатып алды екеуі.
Суын берді, шөбін салды, жемдеді.
Көп ұзамай қуанышқа кенелтіп,
Дәл өзіндей ала бұзау төлдеді.
Алабұзау көрер көзге сүйкімді.
Тіліменен жалап құлақ түбінен,
Еркіңнен тыс келтіреді күлкіңді.
Еркелетіп маңдайынан сипайды.
Құр қол бармас үшін-дағы қораға,
Бұзауға арнап қалған нанды жинайды.
Айран пісер өзіне тән үнімен.
Қайран күндер, қызығы мен шыжығын
Беріп, алып кеткен мәңгі жөнімен.
Ақ мол болса береке ғой қашанда.
Ірімшік, құрт, сары майы керемет,
Сауылған сүт бүлкілдейді қазанда.
Неше көктем төкті әуен далада.
Ала сиыр өз төлінен көбейіп,
Бес бұзаулы сиыр болды қорада.
Қуанышқа толтыр достым көшіңді.
Жұмыс жоқтық – жанды басар шалаудай,
Кетпен, күрек кетіреді өшіңді.
Ақша алу кіріп шықпас ойына.
Туысқандар риза болып тарасар,
Ыстық нанды салып берсе майына.
Ауласынан шығар сиыр тізіліп.
Қорасында тұрған әрбір сиырдың
Бабын таппай көрген емес көз іліп.
Берекені төрт түліктен құрайтын.
Тәуекелге барған кезде халықпыз
«Құласақ та нардан ғана құлайтын».
Дейтін болар «бұрынғының бұл ісі»
Ет пен сүтті жек көретін бірі жоқ,
Жалқаулыққа бой алдырған дұрысы.
Көп жұмысқа қуат күші келмейді.
Малдың жайын жасамасаң ол-дағы
Өздігінен сүт пен төлін бермейді.
Ұлың-дағы ұстауға жоқ айырды.
Қанша уақыт қарап, бағып өсірген,
Кімге сеніп тапсырады сиырды?
Ағарғанды отыр еді күнде ішіп.
Ырысжанды айналдырып ауру
Аяқтары кететін-ді кейде ісіп.
Алады өмір күшің менен көркіңді.
Тәңір бұған сынақ беріп сонымен,
Бойыңдағы «жең» дейтіндей дертіңді.
Пенделердің күні солай батуда.
Арқан жіптің тұйықталған ұшындай
Түйіні ойдың – керек сиыр сатуға.
Тірлігіңнің үзілмейтін әні бар.
Асқақтаған адам кейде құлдырап,
Жыртық көңіл сәті түссе жабылар.
Алдыңнан не күтетінін кім білмек?
Әр сиырды сатқан сайын шынында
Көңіл шіркін ортаяды сәл жүдеп.
Адам малды маңдай термен жинайды.
Әбден бауыр басып қалған әр бастың
Кетіп бара жатқандығы қинайды.
Тылсым күштен мұң басады төңірек.
Басын тартып, төрт тағандап сиырлар
Азан-қазан қылды ауланы мөңіреп.
Көнбеуге адам келтіре ме халдерін?
Мүйізге ілген жуан арқан жібермес,
Шарасыздық жаулап алған көздерін.
Сезім гүлін көңіл күзі тонай ма?..
Болған жайға жаны ауырып тұрса да,
Басқа жолы жоқ боп тұр ғой, алайда!
Жаны оның жаралған ғой құрыштан.
Ешбір уақыт жабырқаған кезі жоқ,
Өмір атты мылтығы жоқ ұрыстан.
Ащы даусы келген кезде құлаққа.
Екі көзге ерік беріп жылады,
Қалып қойған жандай жалғыз жырақта.
Қалай істің келтіресің орайын.
Өткен күннің құндылығын жоғалтқан,
Ана жайлы жыр өзегін құрайын.
Кешкі өрістен байыз таппай күтетін.
Зеңгі баба көрген кезде мөңіреп,
Соңына еріп ауласына кіретін.
Ынталыға қолдан келсе бер көмек.
Әр сиыры барған кезде қасына
Ырысжанға тұратын-ды еркелеп.
Иесіне тұратын-ды мал сеніп.
Қолмен сипап, арқасынан қаққанда
Ыңыранар керемет бір күйге еніп.
Көңілдегі бақ базары тоналды.
Тірлігіңде үйреншікті ісіңнен
Айрылған соң, бұл адамға не қалды?!
Қора жақтан үн шықпайды тым-тырыс.
Сиырлары еске түссе сағынып,
Жүрегінде пайда болар бұлқыныс.
Көңіліңе болған жайды шегенде,
Білгенімді жаздым мен де өлеңге.
Ырысжанды көп ұзамай арулап
Алып бара жатты мәңгі мекенге.
ДАСТАН МЫРЗАБЕКҰЛЫ