» » Көңілім көкке көтеріліп жатқандай...

Көңілім көкке көтеріліп жатқандай...

Пойызға міну үшін вокзалға асығып бара жатырмыз. Алда әкем қолында сөмке, иығында рюзак.
Мамам артында. Мен 5 жасар інімді жетектеп келемін. Адам тығыз. Бір-бірімізден адасып қалмауды ойлап, дегбіріміз қашып,алақтап қоямыз. Бір кезде біреудің жылаған даусы шықты. Қарасақ қабырғаға жабысып бір қыз еңкілдеп жылап тұр. Жұрт мойындарын бұрып қарап қояды Бірақ жанына барып "не болды?" дейтін бір жан жоқ. Бәрі өз шаруаларымен асығыс-үсігіс жортып бара жатыр, ерсілі қарсылы. Қыздың түрі аянышты. Алда келе жатқан кенет әкем кілт тоқтады да "осы жерде тұра тұрыңдар" дегендей бізге ымдап, қыздың жанына барды. Аз кем бірдеңелерді сұрап жатты одан. Топырлаған қалың адам итеріп бара жатқасын біз де олардың жанына ығыстық.
- Не болды? деп сұрады әкем қыздан.
Қыз ықылық ата жылап тұрып мән жайды түсіндіріп жатты әкеме. Сөйтсе сөзінен ұққанымыз қалаға алыс бір өлкеден оқуға түсуге келген екен. Сынақтан өте алмай құлап қалыпты. Сонан қайтуға билет алған екен, онысымен қоса бар ақша салған сөмкісін құжаттарымен ұрлатып алыпты, қолында тек сөмкісінің қара бауы ғана.
Кесіп алған. Ешкімі жоқ, ешкімді танымайды екен. Сөйтіп шарасыз күй кешкен қыз екі көзіне ерік беріп тұр. Не істеу керек? Біз де асығып тұрмыз пойыздың уақыты тақалып, "мә" деп бере салатын артық ақша да жоқ.Бәрі жолға есептелген.
Бір кезде әкем көп ойланбастан қызды көтеріп алды да вокзалдың мінер басқышының жоғарғы жағына тұрғызып қойды. Сөйтті де өзінің қоңыр даусымен, басындағы бас киімін шешіп алды да:
- Азаматтар,қайырымды жандар. Бәріміз де пендеміз, бәріміз де жолаушымыз бұл өмірде. Басымызға іс аяқ асты түсіп кіріптар болатынымыз анық. Мына қыз бала да сондай қиын жағдайға душар болып тұр. Мүмкіншілігінше билет алуға ақша жинап берсек деген өтініш бар. Міне, менен бастап 500 тенге! - деп кепкісіне салды. Алғашқы уақытта состиып қарағандар сірә түсіне бастады ма әйелдер сөмкісін ашты,еркектер қалтасына қол жүгіртті. "Көп түкірсе көл"демекші.Әкемнің кепкісі ақшаға тола бастады,кәдімгідей.... Бір кісі амиянын ашып еді. Майда жоқ екен 5 мың тенгені сала салды.Жан жақтан ақша жауып кетті. Біз де қарап тұрып риза болдық. Қысылған қыз:
- Жетеді, керек емес. Билет алсам болды ғой. Не істеймін мұнша ақшаны деп ыңғайсызданып жатыр. Әкем:
- Жолыңа тамақ аласың қызым. Оқасы жоқ. Несібең бар екен!деп қалбалақтап бар ақшаны оның алақанына жинап салды. Қыз көзінен жасы моншақтап:
- Рақмет, қайырымды адамдар! Рақмет аға, Алла разы болсын сіздерге деп бар алғысын төгіп жатты.
- Кеттік! Енді пойызға кешігіп қаламыз деп әкем иығына рюзагын салып,қолына сөмкісін ұстады. Менің көңілім шалқыды қуаныштан. Осындай әкем барына мақтандым іштей.
- Қайырымды адамдар көп балам. Тек әкеңдей бастамашыл адамдар жетіспейді. Болмаса, деп мамам да алға ұмтыла берді. Інімнің қолынан ұстап олардың ізінен асыға жөнелдім. Адамға жақсылық жасаған қандай рахат! Бір түрлі көңілім көкке самғап бара жатқандай өзімді жеңіл сезіндім.
07 қараша 2019 ж. 758 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031