» » Жолға шықтық...

Жолға шықтық...


Жолға шықтық. Жұмыс. Купемізге жетіп, ішіне үңілсек үстіңгі орында жас шамасы 20-22-дегі орыс қызы сайланып алған кітап оқып жатыр. Бізде кіріп апыр-топыр жайғаса бастадық. Пойыз өзін көп күттірмей темір дөңгелектерін дүрсілдете қозғалып үлгерді. 
Үстіндегі қыз кітап ішіне кіріп кеткені сондай тырп етпесі жоқ. Бұл бір деттективке батқан екен деп, ақырын әдеппен қараймын деп көзімді түсіріп ала жаздадым. Орыстың сары қызы Ілияс Есенберлиннің "КОЧЕВНИКИ" кітабын көз майын ағыза мүжіп жатыр. Іштей балаша қуанып кеттім. Жас орыс қызының қазақ тарихы қызықтырғаны, мен үшін таңқаларлық еді. Шыдамай мәмілеге тарттым. 
- Интерсная книга? - дедім күле. 
- Да, очень, - деді көзін кітаптан көпке қалдырмай. 
- Мне нравится, что вас интересует наша история, - дедім риза болып тұрғанымды білдіре. 
- Если правда, да мне действительно интересно знать историю где я живу, - деп мені және марқайтып қойды. 
Бірақ, сөзшең емес екенін білдірді ме, әлде маған солай көрінді ма, көп кідірмей купеден шығып кеттім. 
Көрші купеде әріптес інішектер далиып жатыр. Құлақта құлаққап, көз телефонда кірген кісіні байқамақ түгілі, кәсіби ұрың келіп анау-мынауды үптеп кетсе де бәрібір. Біреуін түртіп қалдым, жалма-жан құлағындағыны жұла: 
- Чё там брат, ауқаттанамыз ба? - деді бір көзі телефонда бола тұра.
Не көріп жатсың деп едім, шетел киносының атауын айтты, мен бір білетіндей. Екіншісінің де сыңайы сол, шетел киносы. 
- Көшпенділер, кітабын оқығандарың бар ма ? - дедім қадала. 
Бір, мың кітап оқып, ішінде осы бар ма еді деп ойланып отырғандай үнсіздік туды. 
- Жоғааа, брат, - деді екеуіде өкініш білдірместен, неге біз оны оқуымыз керек еді дегендей тағы шүйкеле. 
Жүріңдер деп, өз купеме апарып қыздың қолындағы кітапқа нұсқадым.
- Сендер қазақсыңдар, мынау басқа ұлт қараңдар деп намысқа тиер бір-екі сөз айттым. 
- Мә-ә, молодец, - деді біреуі. 
- Жақсы қыз екен, - деді басқасы. 
- Сендер қашан мәләдец боласыңдар? - дедім. Үнсіздік. 
- И, ең болмаса қазақ хандығы "АЛМАС ҚЫЛЫШТЫ" көрдіңдер ма? - деп менде қызған темірді ұрғандай қоймадым. 
- Соны бір көру керек еді, - деді біреуі. 
- Тамақ ішейікші, - деп екіншісі іркілді. 
Ас ішілді. Пойыз қарқында. Орыс қызы көшпенділер ішіндегі шайқаста. Қазақ жігіттері шетел киносының түбіне кіріп кеткен. Мен екі қолымды шүйдеме лақтырған күйде терең ойдамын....

Дастан Абдырахманұлы
01 қараша 2019 ж. 619 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031