
СӘН (Әңгіме)
Таңға жуық зар етті телефоным. «Е, Аллам, тыныштық болғай» деп-ақ көтеріп ем, болмады. «Тез жетші. Әминадан айырылып қалдық» деп жылады ар жақта біреу. Астанадамын. Алыстамын. Жарығым-ай, қыршыннан қиылып кеткенің-ай! Кеппеген көзімнің жасы-ай... Беу-беулетіп жеттік Алматыға. Түс ауып кеткен кез болатын....



















