» » Жалбыз қосылған шай ішуге 6 себеп

Жалбыз қосылған шай ішуге 6 себеп

Жалбыз қосылған шай – әлем бойынша ең танымал сусынның бірі. Оның жағымды сергіткіш дәмімен қатар біраз емдік қасиеттері бар.
1. Ас қорыту жүйесіне жағымды әсер етеді
Ащы жалбыз іштің кебуі мен асқазанның бұзылуынан қорғайды. Сонымен қатар зерттеулер жалбыз сығындысы ішкі ағзаларды босаңсытып, ауырғанды жеңілдететінін дәлелдеді. Кей зерттеулердің сараптамасы бойынша, ащы жалбызды 4 апта бойы қолданса, асқазан бұзылуының белгілері 40%-ға азаяды екен. Сондай-ақ жалбыз жүрек айнуды басады.
2. Бас ауруын жеңілдетеді
Ащы жалбыз бұлшықеттерді босаңсытады. Сондықтан ол бас аурудың кейбір түрлерімен күресуге көмектесе алады. Жалбыз қысымды көтеріп жіберуі мүмкін болғандықтан, жоғары қысыммен қиналатын адамдарға жалбыз майын самайға жағу ұсынылады. Ал қысымы төмен адамдар үшін жалбыз қосылған шай керемет шешім.
3. Энергиямен қуаттайды
Жалбыз шайымен қатысты зерттеулер оның жүйке жүйесіне жағымды әсер ететінін, энергия деңгейін арттыратынын және күндізгі ұйқыны басатынын көрсетті.
4. Арықтауға көмектеседі
Жалбыз қосылған шайдың сергітетін тәтті дәмі бар, бірақ оның құрамында кофеин мен калория жоқ. Сондай-ақ жалбыз шайы тәбетті сәл басады.
5. Зейін қоюды арттырады
Зейін қоюмен қиналатын адамдарға ащы жалбыз көмектеседі. Сонымен қатар ол есте сақтауға және реакция жылдамдығына жағымды әсер етеді.
6. Бактериялық жұқпалармен күреседі
Ащы жалбызды кей бактериялармен, соның ішінде стафилококк, сальмонелла және листерия бактерияларымен күресуде қосымша құрал ретінде қолдануға болады. Жалбыз микроағзалардың көбеюіне қарсы тұрады және тыныс алуды жеңілдетеді. ​

08 ақпан 2020 ж. 1 613 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

№20 (10388)

17 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 554
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930