» » Сұлулыққа қанттың пайдасы қандай?

Сұлулыққа қанттың пайдасы қандай?

Егер сіз дене күтіміне үйден өз қолыңыздан дайындайтын емдеу шараларын ұнатсаңыз, тұз бен ас содасын қалай қолдану керегін әлбетте білесіз. Ал асүйдің тәтті тағамын қолдана аламыз ба? Дене күтіміне бетімізден бастап аяғымызға дейін қанттың пайдасы көп. Әрине, тек сыртқы теріге қолдансақ.
Жібектей жұмсақ ерін

Саусағыңызды сулап, содан соң қантқа салыңыз. Сол саусағыңызбен айналдыра қозғап, ерніңізді уқалаңыз. Егер ерніңіз құрғақ және көп жарылатын болса, осы әдіс жақсы көмектеседі. Бұл жерде қант скрабтың рөлін атқарады.

Денеге скраб

Бірнеше бананды езіп, пюре жасаңыз. Сол банан езбесін 1 стақан қантпен араластырыңыз. Нәтижесінде денеге арналған тәтті иісті және ылғалдандырушы скраб аласыз. Мұндай скрабты аптасына бір рет қолданғанның өзі жарайды. Денеңіздің жұмсара түскенін байқайсыз.

Тегіс күнге күю

Егер сіз жағажайға суға түсуге барсаңыз, денеңіз күнге тегіс күю үшін майлы скраб қолданыңыз. Қантты зәйтүн майымен араластырып, арқаңызға, иығыңызға және аяқтарыңызға жағасыз. Содан соң жуып тастайсыз.

Өкшені жұмсарту

Қанттың ащы жалбыз майымен қосындысынан өкшеге арналған скраб алуға болады. Ол терінің өлген жасушаларын қалпына келтіріп, табанды жұмсартады. Жалбыз майы аяқтың терлеуін де кетіреді.

Лас қолды тазарту

Егер бақшада жұмыс жасасаңыз немесе сурет салсаңыз, қолыңыз құрғақтанып, ластанады. Қолыңызға 1 ас қасық қантты сеуіп, жақсылап уқалаңыз. Қант жұмсақ қажағыш ретінде қолданылады. Барлық кірді кетіреді.

Жас көрінетін қол

Қолыңыздың терісі күтімді, нәзік, жас көрінгенін қалайсыз ба? 1 стақан қантты 1/3 стақан зәйтүн майымен және 1 капсула Е дәруменімен араластырыңыз. Дайын қосындымен қолыңызды уқалап, жуып тастаңыз. Содан соң кептіріп, қолға арналған крем жағып алыңыз.
19 тамыз 2018 ж. 1 215 1

JeaCold от 12 ақпан 2019 12:16
Predisone Without Perscription Canada Direct Clobetasol Peterborough online cialis Malegra Dxt Canada Viagra Rischio Infarto Levitra Orosolubile Prezzo Farmacia

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 188

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 145

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 305

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930