» » Күнделік жазасыз ба?

Күнделік жазасыз ба?

...Жоқ, бұл балаңыздың сабаққа арнайтын, баға қойылатын күнделігі емес. Армандардың орындалуына, мақсаттың межелі жеріне жетуіне жол бастайтын күнделік. Қандай дүние жазсаңыз да ақ қағаз бен қаламның құдіреті күшті. Келешегіңді кемелдендіретін, болашағыңды бұлыңғыр қылмай қиял әлеміне қанат бітіретін мәдени қажеттіліктен туындаған дүние. Әр күннен алған әсеріңді бұлжытпай орындап, есеп беру ретінде көмектесетін «құралдың» маңызы өте зор. Мейлі ол, шағын ғана қойын дәптерге жазылса да, түрлі түсті дәптерге жазылса да нәзік әрі нәзиралы сөздердің тек күнделігіңізде тұруы сіздің де көңіліңізге қуаныш ұялтады. Сезіммен астасқан сәулелі көріністердің, есте қаларлық естеліктердің сынаптай сағаты өтсе де, жазбасы сақталары хақ. Себебі, досыңа айта алмаған сырыңды жазуың мүмкін. Анаңа немесе әкеңе батылыңның жетпегендігінен айтылар әңгімеңді жазу, ішкі мұңың мен қайғыңды, миыңда мұндалап қалған сан түрлі сауалдың жауабын білмесең де, біліп жүретіндей күй кешу-күнделіктің алғы шарттарының бірі. Осыған дейін басыңды тауға да тасқа да соққан кезеңдеріңнің «альбомы». Сатқындық жасап, саған шынайы арсыз адамдардың «жалған өмірдегі» өз орныңды табуға көмектескені «сырласыңның» арқасы. Әр жыл сайын қорытынды шығарып отыру, әр апта сайын жеткен жетістігіңіз бен жіберген қателігіңіз құлыпталған жердің кілтін өзге біреулерге бермеңіз. Өйткені, әркімнің өз жолы бар. Ал, оны дара ету-өз қолыңызда. Масаттаныңыз!
Гүлжанат ҚАДЫРБЕКОВА
01 ақпан 2020 ж. 1 141 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 909
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 558

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930