» » Күнде жазу жазып отырудың пайдасы

Күнде жазу жазып отырудың пайдасы

Күнде жазу жазып отырудың пайдасы
Технологияның өмірге бұзып-жарып кіруі адамдардың ой жүйесіне біршама әсер етті. Қоғам табиғи қалпынан ажырап бара жатқандай. Себебі технология адамзатты табиғи дүниелерден тыйып тастады. Мысалы қағазға жазу жазудан. Ал оның пайдасы біз ойлағаннан да көп.
Аналитикалық ойлау жүйесі дамиды
Жақсы мәтін жазу, бір қарағанда, оңай шаруа емес. Жақсы дағды қалыптасу үшін шыңдалу кезеңінен өту керек. Сол кезеңде адамның аналитикалық ойлау жүйесі еріксіз дамиды. Себебі мәтіннің құрылымын құру, баяндау тәсілін таңдау, түйінді нәрсені жаза білу үшін адам өз ойларын сараптайды. 
Ішке жиналған күйзеліс пен мұңыңызды тарқатасыз 
Ойларды қағаз бетіне бедерлеу – терапияның бір түрі. Сол арқылы адам жан дүниесіндегі мұң-шерін тарқатады, ой түкпірінде бітеліп қалған артық уайымды жайып салады. Егер адам ызасын, қайғы-қасіретін ешкімді әуреге салмай жойғысы келсе, оған қағаз бен қалам жақсы көмектесуі мүмкін. 
Ойыңызды тазартасыз 
Күйбің тіршілікте ананы істеу керек, мынаны істеу керек деп бәйек болатын сәттер аз болмайды. Ондайда күндік жоспар адам миында орнығып алып, жаңа идеялар, жаңа ойларға орын қалмайды. Оның үстіне “жадыңызға жүк” тиеулі болса, ісіңіз де алға баспай қояды. Демек істейтін шаруаңызды, жоспарыңызды күні бұрын жазып қойған дұрыс. Миыңыз да тыныш, “бірдеңені ұмытамын-ау” деген уайым да жоқ. 
Жазу машығыңыз қалыптасады
Егер сіз шығармашылық адамы болсаңыз, жазу сіздің күнделікті ісіңіздің бірі болуы шарт. Онсыз жазу бабы да, ой ұшқырлығы да жоғалады. Жазушылардай күніне бірнеше сағатыңызды арнамасаңыз да, оқта-текте ойыңызды қағазға түсіріп тұрған жөн. 
Сөзден монетизацияға дейін 
Әр сөзіңізді қазіргі заманға икемдеп, екшеп-текшеп жазуға, копирайтингке қызықсаңыз, сіздің қабілетті жарнамалық мақсатта игеруге болады. Оның қазіргі таңдағы ең көп тараған түрі – блогинг, SMM, контент-маркетинг. Сол арқылы сөзіңізді монетизациялай аласыз. 
Смартфонды аз қолданатын боласыз 
Қағаз бен қаламның ісін смартфон да еркін атқара алады. Бірақ өз-өзін ұстай алмайтындар үшін гаджеттердің пайдасынан гөрі зияны көп. Бір минут ішінде жазып қоятын жазу үшін смартфонды сипалай бастағанда қалай 1 сағаттың өте шыққанын байқамай қалуға болады. 
Қысқа да нұсқа сөйлеп үйренесіз 
Аз айтсаң да, саз айту үшін жазу қабілетіңнің болғаны дұрыс. Кейде ойдағы дүниені жеткізу үшін мида лексикалық арпалыс туындайды. Оның басты себебі – сөздерді дұрыс жеткізуге деген ниет. Ал жазу машығыңыз болса, сіздің коммуникациялық қабілетіңіз автоматты түрде жұмыс істейді. Яғни, жазудағы шеберлік деңгейі ауызша формада да көрініс табады.
22 тамыз 2018 ж. 1 338 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 094

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031