» » Өзіңе жақсы қараудың себептері

Өзіңе жақсы қараудың себептері

Өзіңе жақсы қараудың себептері
Көптеген тәжірибеші-психологтар адамның өзіне деген негативті қатынасы қаншалықты жаман әсер ететінін дәлелдегеан. Егер адам өз-өзін жақсы көрмесе, өзінің болмысын қабылдамаса, қадірлемесе, онда айналасындағылар да оған солай қарайтыны ақиқат. Бұл адамның дамуындағы маңызды сипаттама. Ал оның бақытты өмірі үшін бастысы – басқа адамдармен позитивті араласуы. Ол кері жаққа да солай жұмыс істейді: көбінесе өзін бағаламайтын адам басқаны да бағаламайды. Осындай шеңбер пайда болады.
Заманауи қоғам тұлға дамуына және адамның кәсіби сапасына жоғары талап қойып отыр. Бұл талаптар кейде адамдарға ауыр қысым көрсетеді. Мұндай қысымнан қорғану адекватты өзін-өзі бағалау болып табылады. Өмірге және өзіңе саналы қатынас, өзінің мықты және әлсіз жақтарын сезіну: әлсіздігін дамыту (бірақ солай қажет деп емес, өзің соны қаласаң, сол сені бақытты етсе) және сүйеніш ретінде мықты жағын қолдану. Сол кезде адам оған қажетті мен пайдалыны, және бөтен мен байланғанды айыра алады. Егер адамда өз-өзін қабылдауы және өзіне деген позитивті қатынасы болса, ол оның өмірдегі мықты сүйеніші бола алады.
Неліктен адамдар өздерін қабылдай бермейді? Көбінесе, адамдар кітап оқып, фильм қарап, өздерін басқалармен салыстырады немесе басқаның мұратын өзіне жобалап көреді. Оның үстіне қазір инстаграм секілді әлеуметтік желіде біреудің суретіне қарап, адамдардың көпшілігі өзін олардан төмен санайды. Балалық шағында ата-анасы баланы басқамен жиі салыстырса, ол да есейгенде өз салдарын көрсетеді. Бірақ... Адам өмірге келсе, демек, әлемге ол керек! Біз – қандай да бір маңызды, қажетті және ерекше нәрсенің бөлігіміз. Әр адам өмірге өз үлесін қосады. Сондықтан өзіңіздің ішкі дүниеңізге қарап, түсініп, өзіңізді қабылдап, сол күйінде жақсы көре білу керек. Әр адам гүлденіп, өмірге қуана алады, өзінің жақсы қасиеттерін дамыта алады және айналасындағыларға қуаныш сыйлай алады.
Тұлға қалыптастырудың негізгі әдісіне оның дамуы жатады. Егер адам өзін дамытудан қолы босамаса, ол бақытты, егер адам «өз ісімен» айналысса, ол бақытты, егер адам шығармашылықпен шұғылданудан талмаса, ол бақытты, егер адам сүйсе (құштарлық емес), ол бақытты. Қандай да бір өзіңізге жағымды іспен әуестенсеңіз, уақыттың зымырайтынын байқаған боларсыз. Сүйікті ісіңізбен шұғылдану кезінде күйзелісте болып көрдіңіз бе? Әрине, жоқ. Себебі сіз ол кезде бақыттысыз және өзіңізге риза боласыз. Оны өзін-өзі таныту деп атайды және ол әркімде бірегей түрде жүреді.
Әр жас кезеңінде, өмірлік кезеңде өзгерістер болуы мүмкін және қажет. Өзіңіздегі өзгерістерден қорықпаңыз. Егер бірдеңе ескірсе, оны батыл тастай біліп, жаңа деңгейге көшу керек. Мысалы, сіз тарылған немесе қатты ескірген киімді қанша жақсы көрсеңіз де, бір күні тастайсыз. Әр жаңа деңгейге көшерде үрейді бағындыра білу маңызды рөл атқарады. Әр тұңғыш ашушыға қорқынышты болғаны анық, бірақ ол өзіне және өз ісіне сене білді. Жастау кезінде әр адам өмірден өз орнын табуға тырысса, үлкейген кезінде білім беруге, тәжірибесімен бөлісуге икемді болып келеді. Адам өмірінде жеке басында қайта құрылулар мен күйзелістер көп кешеді. Мысалы: әйел тұңғыш баласын өмірге әкелгенде, мектеп бітірген оқушылар ЖОО таңдарда, ЖОО бітірушілер жаңа жұмыс орнына тұрғанда және т.б. Сондықтан саналы өмір сүріп, жаңа ережелерге бейімделе білу маңызды. Алайда өзіңіздің ерекшеліктеріңізді түсініп, өз жолыңызбен жүруді де ұмытпау қажет. Өзіңізді көп ақша үшін сүймейтін жұмысыңызбен айналысуға мәжбүрлеудің немесе оны сылтауратып ата-ананың мойнына масыл болып отырудың да керегі жоқ.
Адам өз өмір сүру салтынан өсіп кетуі мүмкін. Сол кезде тоқтап, тағы не істей алатындығын, не істеу қажеттігін ойланып, жаңа жағдай қабылдауды қолға алу керек. Мысалы, жұмыс басты әйел отбасы құруды, үйде отырған әйел жұмысқа шығуға дайын екендігін, менеджер өз ісін бастауды, біреу жұмыс саласын өзгертуді, біреу жұмыс орнын өзгертуді бастауы мүмкін. Егер қандай да бір қолайсыздық сезінсеңіз, өзіңіздің өскеніңізді байқасаңыз, әрекет етіңіз. Бастысы, арманыңыз мүмкіндігіңізбен сай келуі тиіс. Мүмкіндік (білім, дағды, ресурс) әрқашан өз қолыңызда, оны әркез дамытуға болады. Сіз өз табиғатыңызға, құндылықтарыңызға сай әрекет ете бастағанда, өз-өзіңізді бағалауыңыз жоғарылайды, өзін-өзі таныту іске қосылады.
Өзіңізге мұқият болыңыз, барлық затқа саналы түрде қарауға тырысыңыз. Егер өзіңізді басқа қызметте көріп, бірақ қандай да бір себептермен әзір жұмыс орнын ауыстыра алмасаңыз, алдымен жаңа қызметті өзіңізге хоббиге айналдырыңыз. Егер ол сіздің «ісіңіз» болса, өмір өзі-ақ сол жолға түсіруге көмектеседі.
Психологтардың ашқан маңызды жаңалықтарының бірі бойынша, адам өз өмірін оған деген қатынасын өзгерту арқылы дұрыстай алады. Көп нәрсе адамның қатынасына байланысты. Оптимизм – адамдардың өмірлік және кәсіби күзелістерге орнықтылығының маңызды факторы. Оптимистер жаңа жағдайға жылдам бейімделуімен ерекшеленеді. Қиын жағдайларды бағындыра алу қабілетіне сенетін адамдардың ойларына жаман нәрсе келмейді. Сондықтан, өзіңізге сеніп, ойыңыз бен қиялыңызды өз билігіңізге алуға тырысыңыз.
10 шілде 2018 ж. 1 007 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 049

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031