» » Күйзеліс қай жеріңізде жасырынып жатыр?

Күйзеліс қай жеріңізде жасырынып жатыр?

Күйзеліс қай жеріңізде жасырынып жатыр?
Естеліктеріңіз бен бастан кешкен эмоцияңыздың барлығын денеңіз есінде сақтап қалады. Қорқыныштарыңыз бен өзге сезімдеріңізді өзіңіз елемей жүрсеңіз де, олар денсаулығыңызға әсер етеді. Ауырғаныңызға да мән бермесеңіз, мәселе одан ары қиындай түспек. Дененің әр бөлігі белгілі бір үрейлерге жауап береді. Адамның қай жері ауырғанына қарап, неден қорқатынын анықтауға болады.
Аяқ ауруы сүйеніш пен тиянақтылықты жоғалтудан қорқуды білдіреді. Адам ертеңгі күнінің жарқындығына күмәнмен қарайды.
Іш ауруы. Осы тұстарда жайсыздық сезілсе, адам өмірі үшін алаңдаулы екенін көрсетеді. Өміріңізге шын мәнінде қауіп төніп тұрмаса да, бейсаналы түрде бұл қорқыныштан арыла алмасаңыз, өзіңізді толықтай қауіпсіздікте сезіну қиын.
Асқазан, құрсақ өрімі, көкет аймағы мазаласа, бұл жерге әлеуметтік үрейлер шоғырланады. Адам өзін қоғамның қабылдамауынан қорқады.
Көкірек қуысы. Бұл тұстағы ауру жалғыздықтан қорқуды көрсетеді. Жеке тұлға ретінде шеттетіліп қалу оны жиі мазалайды.
Қол. Дененің бұл бөлігі әлеммен байланысқа түсуден үрейленуді білдіреді. Әдетте мұндай қорқынышын жасыратындар ешкіммен араласпайтын мамандықтарды таңдайды. Адамның оң білегі ауырса ер адамдармен, сол білегі ауырса әйел адамдармен араласудан қашқақтайды.
Арқа. Бұл аймақтарда жайсыздық сезілсе, адам айналасындағылардың үмітін ақтамаудан қорқады. Әдетте перфекционистер осы мәселемен жиі бетпе-бет келеді. Иық – күш пен жауапкершіліктің символы. Иығы ауыратын адам әлсіз боп қалудан қорқады.
Мойын. Сезімін сыртқа шығара алмайтын адамдардың тамағы, мойын тұсы жиі ауырады. Ішкі сезімдер бұлқынысы туған кезде, бар күш мойынға түседі.
Бет. Жақ тұстары ауыратын болса, бұл «өзін жоғалтып алудан» қорқатынының белгісі. Мұндай адамдар өзін қолдауға, махаббатқа зәру, сол себепті өзгелерге жағу үшін үнемі бетпердемен жүреді.
Көз. Шындықтан қорқу ең басты сезім мүшесіне шоғырланады. Ащы болғандықтан шындықты қабыладай алмай, оған көз жұма қарайды.
Эмоцияларыңызды бүкпелеп ұстауға болмайды. Ешкімге көрсеткіңіз келмейтін қорқынышыңыз денсаулығыңызда сыр береді. Ішкі үрейлермен күресу арқылы деніңіздің саулығын қамтамасыз етесіз.
23 сәуір 2018 ж. 1 395 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 052

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031