» » СӘТСІЗДІКТЕН ДЕ САБАҚ АЛУҒА БОЛАДЫ

СӘТСІЗДІКТЕН ДЕ САБАҚ АЛУҒА БОЛАДЫ

  •Ең бірінші, түннен кейін таң ататыны, күн шығатыны секілді, сәтсіздік пен қайғының орнын қуаныш пен жеңіс басатынын есте ұстаңыз. Әр адам өмір жолындағы ауыр соққы мен қайғыны өзін шыңдай түсуге пайдалана алғаны жөн.

  •Сәтсіздік өзінің «үнсіз» тілімен сөйлескісі келеді. Өкінішке орай, біз оны түсіне бермейміз. Өзгелердің сәтсіздігіне мән беріп, оны қайталамауға тырысу керек.
  •Адамның өзіне көңілі толып, масаттануы үлкен қателігі болып саналады. Оны дұшпан деп есептеуге де болады. Сондықтан адам қандай жетістікке қол жеткізсе де өзіне сын көзбен қарауды есте ұстағаны жөн.
  •Өзгенің қателігіне, өзіңе жасаған опасыздығына кешіріммен қарай білу керек. Егер оның дұшпандығына дәл солай жауап қатсаңыз, сіздің одан айырмашылығыңыз не? Ең дұрысы, оның жіберген қателігін сіз жібермеуге тырысыңыз.
  •Бір ғұлама: «Кедейлікті сезініп, басынан өткерген адамнан бақытты жан жоқ. Ол қол жетпес тәжірибе, бірақ сол тәжірибенің тезірек бітуіне қадам жасау керек», - деген екен. Жоқшылық пен тығырықтан шығудың жолын игеріп, қадам жасауы әр адамның өзіне байланысты. Бұл дәлелденген өмір заңы.
  •Өмірдегі кездескен әрбір оқиғадан, әр сәттен сабақ ала білу керек. Сонда адам кейінгіге өзінің ізін қалдыра алады.
 •Дұшпаныңның көп болғаны да жоғары қарай көтерілуге жағдай жасайды. Себебі, досың кемшілігіңді бетіңе басып, әлсіз жеріңді тауып айтады. Осы арқылы ол сізге керемет көмектесіп жатқанын білмей де қалады. Ал ақылды адам одан өзіне сабақ алуы, кемшіліктерін түзетуі тиіс.
 •Адам жаңалықтан, жаңа белеске шығудан ешуақытта тартынбауы керек. Егер жығылып, сүрінетін кез болса, орнынан тұрып, алға қарай ұмтыла түссін. Өткенге өкінген пайда бермейді. Сондықтан келешекке қарай нық сеніммен қадам басу керек.
 •Ең бастысы, кейде сәтсіздіктің өзі сәттілікке жетелейтінін естен шығармаған жөн.

Кызылорда-ньюс
25 сәуір 2018 ж. 1 086 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031