» » Ер адамды қалай рухтандыру керек?

Ер адамды қалай рухтандыру керек?

«Әр ұлы еркектің артында ұлы әйел тұрады» деген сөзді психологтардың аузынан жиі естуге болады. Бұл әйел өз қалаулысының басты шабыттандырушысы деген мағынада айтылған. Бұл ой бойынша, егер ер адам жалқаулана берсе, өз-өзіне қарамаса және т.б. жағымсыз әрекеттеріне – сіз кінәлісіз. Жағдайды өзгерту, серігіңіздің дамуға деген тілегін ояту және мақсат қоюы үшін сүйіктіңізбен өзара қатынасыңыз туралы жаңа білімдер жинау керек. Еркекті табысқа шабыттандыруға көмектесетін 6 кеңес ұсынамыз. Өз еріңізге сеніңіз. Сүйіктіңізді табысқа шабыттандыру үшін бастысы – оған сеніңіз. Егер оған қолынан ештеңе келмейтін адамға ұқсап қарасаңыз және оны оған жиі айтсаңыз, одан керемет әрекеттер күтпеңіз. Себебі сіз оны кемсітіп, намысына тиесіз, соның нәтижесінде оның өзін-өзі бағалауы төмендейді. Адамдардың көпшілігі біреудің намысына тисе, ол өзін қолына алып, жөнделеді деп ойлайды. Жоқ, бұл әдіс ғашықтардың, жақындардың және достардың арасында жүрмейді. Сізден керегі ең жеңілі – оған сену және оның қызығушылығымен ортақтасу. Оған оймен ғана сенбей, сөзбен күш беріңіз. Әрдайым қолдау көрсете біліңіз, оның ақылды, дарынды, батыл екенін айтыңыз. Соңында ол сіздің позитивті қуатыңыздан заряд алып, өз күшіне сеніп, қолынан келгеннің бәрін жасауға тырысады. Сүйікті еріңізде потенциал бар екендігін мойындаңыз. Еркекті шабыттандыру үшін оның батыл қасиеттері мен берік мүмкіндіктерін мойындау маңызды. Ол ашық жағымпаздану керек деген сөз емес, серігіңіздің жеке қасиеттері мен ерекше идеяларына шынайы таңғала біліңіз. Оның мінезінің жағымды жақтарын көре алыңыз және оған ол туралы айтудан жасқанбаңыз. «Не нәрсеге көп мән берсек, соны көбейтеміз» деген энергия заңдарының біріне мән беріңіз. Яғни, егер еркектің кемшіліктерін бетіне басып айта берсеңіз, ол қасиеттері көбейе береді. Соңында барлығы ұрыспен аяқталады. Сондықтан, оның мықты жағына екпін қойып, оны рухтандырыңыз. Әр адам өздігінше ерекше екенін ұмытпаңыз. Салыстыруды доғарыңыз. Ер адамды шабыттандыру кезінде оны көршінің біріне немесе теледидардағы кейіпкерге ұқсату емес, оны жеке табысты тұлға ретінде мойындау маңызды. Әйелдердің көпшілігі керісінше әдісті қолданады. Олар өз ойларынша күшті деп санайтын үлгілерді таңдап алады да, әрдайым соларды айтып, әңгіме қозғайды. Мысалы: «Көршінің күйеуі ауласында бір демалмастан жұмыс істеп жүреді» немесе «Күйеуге шыққанға дейін біраз жерге қыдырып едім, қазір үй мен жұмыстың арасынан басқа ештеңе көрмеймін». Мұндай сөздерді естіп жүрген еркек сізге не істесе де, сіздің қанағаттанбайтыныңызды түсініп, еш әрекет жасаудан қалады немесе оның артықшылығын көретін басқа әйел іздеуі мүмкін. Сондықтан, ерлі-зайыптылар арасында бір-бірін басқамен салыстырудан жаман нәрсе жоқ екенін түсініңіздер. Ер адамнан кеңес пен көмек сұрап тұрыңыз. Өз еркіңізбен шешім қабылдауды қойып, еріңізбен кеңесуді әдетке айналдырыңыз. Сол кезде серігіңіз өзін күшті сезініп, оның жауапкершілігі бірнеше есеге артады. Ол қай салада өзін жақсы сезінетініне анализ жасаңыз және сонымен байланыстының барлығында міндетті түрде кеңесіңіз. Күйеуге шыққан жас әйелдер бірдеңе болса, құрбысынан немесе анасынан кеңес сұрайды. Сіз күйеуіңізбен жаңа отбасы, кішігірім мемлекет құрдыңыз. Барлық сұрақтар өзара шешілген жөн. Әрине, анаңыздан кеңес сұрайтын сұрақтар болады. Бірақ қандай да бір маңызды шешім қабылдарда, серігіңіздің ойын сұрауды ұмытпаңыз. Оның кеңесіне құлақ салыңыз. Нәзік болыңыз. Ер адамның алдында нәзіктігіңіз бен әлсіздігіңізді көрсетуден ұялмаңыз. Сіз оның қамқоры мен жауапкершілігіне мұқтаж екендігіңізді ашық білдіріңіз. Барлық отбасылық жауапкершілікті, жұбайлық өмірді өз мойныңызға ала берсеңіз, оны қандай да бір әрекетке шабыттандыра алмайсыз. Нәтижесінде, оның ештеңеге араласпайтындығын айтып, тағы ызаланасыз. Жеке және ортақ мәселелерді бірге ақылдасып, оның ойын сұраңыз. Серігіңізге алғыс айтыңыз. Оның сізге жасаған жағымды әрекеттерін ол оны жасауға тиісті деп қабылдамаңыз. Кез келген жағымды әрекетіне, сөзіне, тіпті, мысалы, сыйлаған гүліне, айтқан кеңесіне, туған күнмен құттықтағанда, шын көңілмен рақмет айта біліңіз. Мұның барлығын ол солай істеуге немесе айтуға міндетті деп ойламаңыз. Мысалы, жұмыстан келе жатып, сіздің ұнататын тәттіңізді ала келсе немесе сіздің шаршап тұрғаныңызды байқап, баланы ойнатуға далаға алып кетсе, шын көңілмен алғыс айтыңыз. Себебі, сол алғыс арқылы ол сіз үшін өзінің маңыздылығын түсініп, сондай жағымды әрекеттерді тағы да жасауға тырысады. Себебі, оған сіздің жымиғаныңыздан, көзіңізден қуанышты көргеннен артық ештеңе керек емес. Отбасыдағы қатынас ер адамның сыртта жүріп жатқан жұмысына тікелей әсерін береді. Сондықтан, еркек табысты болуы үшін үйдің ішіндегі атмосфера жайлы, позитивті болуы тиіс және ол оған сенетін жақындары бар екендігіне сенімді болуы қажет. Ер адам барлығын өз сүйіктісі үшін және отбасы үшін жасайды. Олардың әрдайым қуанышты болғаны оны одан әрі ынталандырады. Ал үйдің ішіндегі атмосфераның қандай болуы тікелей әйелдің қолында екенін ұмытпаңыз.

11 маусым 2018 ж. 1 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 053

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031