» » Сүйіктіңізді қалай жұбату керек?

Сүйіктіңізді қалай жұбату керек?

Сүйіктіңізді қалай жұбату керек?
Ер адамдар аз сөйлейтін және сезімтал емес болып келеді. Олар батыл және қайратты, мақсатына деген жолда кедергі пайда болса, тоқтамай жеңуге тырысады. Жағымсыздықтар олардың үмітін үзбейді, мысқыл сезім әрі қарай өмір сүруіне көмектеседі. Алайда мұндай керемет қасиеттеріне қарамастан, ерлер де қайғырып, уайымдай алады және жаны ашып, аяуды да біледі. Қайғы болған кезде олар ауыруы мен күйінішін ішіне тереңге жасырып қояды. Оған қиын екенін ешкімге көрсетпеуге тырысады.
Ұлдар бала кезінен бастап еркектер жыламайды және шағымданбайды деп ойлап өседі. Бірақ бәріміз адамбыз, сондықтан бізге уайымдау тән қасиет. Адам қайғы мен жағымсыздықты сезіне алмаса, ол өмірге де қуана алмайды.  Жүрегі мейірімді және керемет жанды ер адамдар да жұбатуды қажет етеді. Алайда олардың күшті екенін ескеріп, ыңғайын таба білу керек.
Психологтар кеңестері
Сүйікті серігін жұбату үшін әр әйел барлық өзінің әдептілігі мен нәзіктілігін көрсете білу керек. Сол кезде ер адам оны сөзсіз түсіне алатынын және оның қасында оған бағалы адам бар екенін сезінеді. Психологтар адам психологиясының құпиясын өте жақсы білетіндіктен, еркектерді қалай дұрыс жұбату керектігін ұсынады.
Онымен бірге қайғырмаңыз. Сүйіктіңіздің жаман сезімде отырғанын және қандай да бір жағымсыздық болғанын біліп, онымен бірге қайғыруды бастамаңыз. Қазір бастысы онымен бөлісетін сергек көңіл күй мен позитивті ойлауды сақтап қалуыңыз керек.
Оны аямаңыз. Қандай жағдай болмасын оны аямаңыз. Аяушылық оған сенбейтініңізді, түйсіксіз оны әлсіз санайтыныңыз туралы айтады. Егер еркек аяушылықты сезінсе, ол оған жаңа ауыртпалық болып тиеді.
Әзілдемеңіз. Бұрын-соңды әзілдемеген болсаңыз, мысқыл сезім көрсетуге тырыспаңыз. Орынсыз жұбату қайта ашуын тудырады.
Позитивті болыңыз. Болашақты түрлі түсті бояумен суреттейтін сөздер табыңыз. Оның күшіне толықтай сенетініңізді білдіріңіз.
Артық сұрақ қоймаңыз. Оның жанын ауыртып, не болғаны туралы білгіңіз келіп, қайта-қайта сұрақтар қоя бермеңіз. Егер ол болған жағдаймен бөліссе, оның отбасы үшін көптеген нәрсе істегенін және олсыз өміріңіз қазіргідей керемет болмайтындығын айтыңыз. Қандай жағдай болмасын оны жеңу қолынан келетінін жеткізіп, дем беріңіз.
Өз ойыңызды айтыңыз. Қиын жағдайдан шығудың жолын табуға көмектесіңіз. Мүмкін ол жағдайға басқаша көзбен қарап, дұрыстап ойлансаңыз, оңай шешімі бар шығар.
Сүйіктіңізге қолдау көрсетіңіз. Болған жағдайды өзгерту мүмкін емес болса, оны уайымдаудың себебі жоқ екенін айтыңыз.Жақсылыққа жорыңыз. Оған жағымсыздық жасағысы келген адамдар оның тұнжыраған түрін көруге тұрмайтындығын түсіндіріңіз.
Егер сүйіктіңізбен ұзақ уақыт бірге болсаңыздар, ол білдірткісі келмесе де, оның жаман көңіл күйін бірден байқай аласыз. Қандай да бір жөнсіздікті байқасаңыз, мән бермей қоймаңыз. Әрине, әр ер адам пайда болған жағымсыздықты жеңе алады, бірақ сіздің көмегіңізбен оны оңай жеңеді. Көп сұрақ қоймай, күнделіктіден де көбірек қамқор бола біліңіз.
Нәзік болыңыз. Оған қиын екенін сезінетініңізді білдіріп, оның қасынан табылатыныңызды көрсетіп, қолынан ұстаңыз, құшақтаңыз немесе басыңызды оның иығына қойыңыз. Кез келген адам оған сенетін жақыны бар екенін біле тұра, барлық қиындықты жеңе алады.
Мұқият тыңдаңыз. Егер ол саған жағымсыз сәттерді не тудыратынын айтатын болып шешсе, әр айтқан сөзін мұқият тыңдап, түсінуге тырысыңыз. Бірден дүрлікпей, эмоцияңызды көрсетпей, сабырлы және сенімді болуға тырысыңыз.
Кешкілік серуендеңіз. Оған кешкілік серуендеуді ұсыныңыз, себебі даланың ауасы тыныштандырып, алаңдамауға көмектеседі. Егер ол қаласа, жақын достарыңызға қонаққа барып келіңіздер. Жақсы көңіл күйде болуға спорт та жақсы көмектеседі. Сондықтан мүмкіндік болса, бірге бассейнге, жүгіруге немесе велосипедпен жүруге барыңыз.
Ауыр кезеңде оның қасынан табыла біліңіз, бірақ кей сәттерде оны жалғыз қалдыру керектігін де ескеріңіз.
25 мамыр 2018 ж. 1 919 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031