» » Бақытты өмір сүруді үйрену

Бақытты өмір сүруді үйрену

Бақытты өмір сүруді үйрену
Күнде өз өміріңе қанағаттануды жоғарылатудың нақты "заңдары" бар. Соларды біліп қолдану арқылы күйзелуді азайтып, өміріңізді жақсы жағына өзгертуге болады. Солардың кейбірін назарларыңызға ұсынамыз.
Бақытты сезінуге не ықпал етеді?
Әлемге, өзіңе, айналаңдағыларға деген махаббат күйіне ие болу, қорқынышты жіберу және реніштерді кешіру маңызды. Өзіңізді бағалау сыртқы (мысалы, басқа адамдардың мақтауы мен сынына тәуелді болмау) фактор емес, ішкі фактор болу керек. Адамға бақыт сезімін не бере алады? Мерекелер, дәмді тағам, әдемі заттар, жақын адамдармен сөйлесу, жағымды жағдайлар немесе жаңалықтар, жайлылық сезімі және жеңіс сезімі – бұлардың барлығы адамды қуантуы мүмкін. Бірақ адам бұл сезімді қатты ұзартқысы келсе, ол оған байланып, жабысуды бастайды. Алайда көп жағдайда жабысамын деп, оны жоғалтып алады. Жайлы мерекелік өмір, әдемі киімдер бақыт сезімін береді, бірақ, ұзақ емес. Егер оған жабыса берсеңіз, несие алып, қарыз шұңқырына түсіп кетуіңіз мүмкін. Сондықтан, әр нәрсенің шамасын білу керек. Өз сезіміңізді және көңіл күйіңізді қандай да бір затқа тәуелді етіп қоюға болмайды. Мереке – керемет, бірақ күнде бір нәрсе болғаннан да жалығасыз. Әдемі зат – күшті, бірақ ол біркүні сәннен шығады. Дәмді тамақ – керемет, бірақ қандай да бір мөлшерде болу керек. Әйтпесе, адамды ауру етуі мүмкін. Мерекелік өмір көңілді болғанымен, әрдайым мақсатсыз әрі мәнсіз жүру – күйзеліске әкеледі. Спиртті өнімді көп ішу ауруға және басқа да көп проблемаға әкеледі. Махаббат бақыт әкеледі, бірақ соқыр құштарлық азапқа шалдырады. Егер балаларға жабысып алсаңыз, оларды өз бетінше және жауапты болуынан айырасыз. Ал тым еркелетсеңіз, өзімшіл адам болуы әбден мүмкін. Махаббатпен еркелету деген болмайды. Қанағатсыздықпен және бассыздықпен еркелету деген бар. Егер балаға зияны бар затты алып беруден бас тартсаңыз, ол да махаббатқа жатады. Сондықтан, егер әр нәрсенің мөлшерін білсеңіз, бұлардың бәрі сізге жақсы жағынан әсер береді. Күйеуіңізге немесе әйеліңізге деген махаббат – керемет сезім, ол бақыт сезімін сыйлайды. Бірақ, құштарлық сезімін де шектей алу қажет. Адамдар серігінен көп бақыт алғысы келсе, оның еркіндігін шектей бастайды. Қызғанады, әрдайым одан бірдеңе талап етеді. Сондықтан, шамадан тыс құштарлық та сізді және жақындарыңызды бақытсыз етуі мүмкін.
Үздіксіз бақыт сезімін жеке бас жетілуіңіз, айналадағыларға деген шүбәсіз махаббаттың ішкі жағдайы бере алады. Ол шексіз жалғаса алады. Одан сіз де, айналаңыздағы адамдар да ұта алады. Адамдардың барлығына қатынасы жиі оның ішкі жағдайымен еріксіз қабылданған. Өзіңізде байқаған шығарсыз, көңіл күйіңіз жақсы болған кезде өмір керемет сияқты көрінеді, кенеттен, қандай да бір жағымсыздық болса, сіз аздап қапа боласыз, бірақ еңсеңіз түспейді. Көп уақыт өтпей, бұл проблеманы жеңіл шешесіз. Бірақ, егер дәл сол жағымсыздық сіздің көңіл күйіңіз жоқ кезде болса, қайғыны әлемдік деңгейдегі проблема ретінде қабылдайсыз. Ендеше, шаруа өміріміздегі жағдайларға қалай қарайтынымызда емес, ішкі жағдайыңыздың жалпы фонына байланысты. Ішкі өміріңізді, оның тыныштығын, жеңілдік пен бақыт сезімін сақтаңыз және бағалаңыз.
Өзіңізді позитив жағдайына қосатын "батырмаларды" табыңыз. Ол сүйікті кітабыңызды оқу, комедия қарау, балалармен ойнау, достармен сөйлесу, шығармашылық және т.б болуы мүмкін.
Даму мен өзгерудің 2 жолын айқындауға болады: сыртқы (жағдайдың өзгеруі, жұмысты, тұрғылықты жерді ауыстыру және т.б.) және ішкі (өзіңді өзгерту, жеке басты дамыту, сапаны дамыту, жағдайға қатынасты өзгерту). Өзгеру мен дамуды ішкіден бастаған жөн.
Мақсат қою
Мақсат қойып, соған жету өмірде өте маңызды рөл атқарады. Бір мақсатқа жетсеңіз, келесісін қою керек. Бірақ бұл жерде де барлығы саналы әрі орынды болуы керек. Бастысы - әрекетіңіздің нәтижесіне байланып қалмау керек. Әйтпесе, өз-өзіңізге нұсқан келтіріп аласыз. Мақсатсыз өмір жалықтырғыш әрі қызықсыз, бастысы өмірдің мәні жоғалып кетеді. Мақсатыңызды, не қалайтыныңызды анықтайтын мынадай әдіс бар: Қиялға жол беріңіз. Бәріне жететін көп ақша алдыңыз дерлік. Кесте құрып, не істер едіңіз, соны жазыңыз. Қазіргі жағдайыңызды жалғастыру арқылы не істер едіңіз? Нені істемес едіңіз және өміріңізге жаңа не нәрсе кіргізер едіңіз? Жазбаңызға анализ жүргізіңіз. Сол кезде өмірден нені қалайтыныңыз анық білінетін болады.
Кешіре білу
Өзіңді және басқаларды кешірудің маңыздылығы туралы жазылған көптеген кітаптар мен мақалалар бар. Бірақ сонда да көпшілікте мынадай сұрақ туындайды: «Ол кінәлі болса, мен неге кешіруім керек?». Әрине, міндетті емессіз, бірақ ол сіз үшін маңызды, себебі ол сізге ауыртпалық әкеледі. Себебі, бірінші кезекте, ол сізді босатады, жеңілдетеді. Біреуді кешіру арқылы  жақсы көре аласыз, бақытты бола аласыз және сау боласыз. Кешіру – ең жоғарғы құтқаратын күш. Жағдайды бағалауда әрқашан адамның нақты ойы болады. Егер ол оң болса - жақсы, ал теріс болса - жаман. Басқа адам үшін олай болу міндетті емес. Әркімнің өз бағалау өлшемі бар, сондықтан адам басқаның ойын кінәраттауға құқығы жоқ. Өзіңізге және басқаға еш кінәсіз жеке көзқарасы болуына мүмкіндік беріңіз. Табиғатта кінә жоқ, қателіктер бар. Қателік – жақсырақ, себебі ол адамды бірдеңеге үйретеді. Қателікті түзеп, ары қарай өмір сүру керек. Кез келген адамға тәжірибе қажет, себебі ол сабақ береді. Қаншалықты ауыр, әділетсіз, ренішті және орынсыз болса да, сүйе біліңіз. Махаббатыңызды оймен ренжіткен адамға жіберіңіз. Оның жасағаны сол кездегі мүмкін жалғыз әрекет болған деп түсініңіз. Жасалған әрекет өткен шақта қалды. Біз кешірімді болып үйренбейінше, өткен бізді жібермейді, сондықтан сау болмаймыз. 
19 мамыр 2018 ж. 1 370 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031