» » Балаңыз кәмпитті көп жей ме?

Балаңыз кәмпитті көп жей ме?

​​​​
Кәмпитті ересектер де, балалар да жақсы көреді. Ел арасында "балаларға тәтті зиян" деген пікір қалыптасқан. Шынымен де, кәмпиттердің қандай пайдасы бар? Олар 95% көмірсулардан, яғни қанттан тұрады. Әрине, пайдасы өте аз. Бірақ балаларда тәттіге деген асқан құштарлық бар. Себебі ана сүтінің дәмі тәтті болып келеді. Мұны ғалымдар да байқаған: олар жаңа туған сәбилер тәтті дәмі бар сүтті рақаттанып ішкенін, ал аздап қышқылдау сүтті ішпеген. Сондықтан сәби өсе келе де тәттіні жақсы көріп тұрады. Бірақ, уайымдамаңыз, одан адамның тәттіге деген әуестігі қалыптаспайды. Бастысы, ата-ана балаға кәмпит берерде бірнеше қарапайым ережені сақтау керек. Балаға тамақ ішер алдында тәтті бермеңіз. Кәмпитте пайдалы заттардың жоғы ешкімге құпия емес. Оның құрамында кальций де, дәрумен де жоқ. Кәмпиттен ләззаттан басқа ештеңе алмайсыз. Біріншіден, ол көзге ләззат: қызыл, сары, жасыл түстер немесе шар, жылан және т.б пішіндер. Екіншіден, құлаққа ләззат: олар қытырлайды немесе пышылдайды. Үшіншіден, сезім түйсігіне ләззат: кәмпит тілге жұмсақ бола түседі, нуга резеңке сияқты созылады. Бірақ олар қанша тартымды болса да, бірінші ережені қатаң сақтау керек: кәмпитті тамақтан соң ғана жеген жөн. Егер бала кәмпитті тамаққа дейін жеп алса, ол аштық сезімін басып, тәбетін жоғалтып алады. Бала бұл ережені сақтауы үшін өзіңіз де кәмпитті тамаққа дейін жемеңіз. Бала кәмпит жеген соң оның тісін тазартыңыз

Кәмпит тіске зиян ба?

Тісжегінің пайда болуына көптеген факторлар әсер етеді. Біріншіден, оның пайда болуына туа біткен бейімділік әсер етуі мүмкін. Бір балалар тәттіні көп жесе де, оларда тісжегі болмайды. Ал басқалары тәттіні сирек жейді, бірақ өз құрдастарына қарағанда тіс дәрігеріне өте көп барады. Содан соң ауыз қуысы гигиенасы маңызды. Негізі әр кәмпиттен соң тісті жуу керек. Егер далада жүрсеңіз немесе жолда болсаңыз, балаға кәмпиттен соң қантсыз айран немесе сұйық йогурт беріңіз. Егер бала 5-6 жаста болса, оған аз уақыт сағыз шайнатыңыз. Үшіншіден, баланың рационындағы қанты бар басқа да азық-түлікті бақылау керек. Мысалы, тәтті тоқаштар, қанты көп жемістер және т.б өнімдер де тісжегінің пайда болуына әсер етеді. Кәмпит тіске тұрып қалатындықтан, ол тісжегінің пайда болуына әсер етуі мүмкін. Бірақ көріп отырғаныңыздай, тісжегінің пайда болуына әсер ететін басқа да факторлар бар.

Тәттілердің пайдалы түрі бар ма?

Кәмпит мөлшерін бақылаңыз Кәмпит салмақ қосуға әсер ете ме? Кәмпитте калория бар. 1 грамм қантта – 4 калория. Бір кәмпитте сұрыпына қарай 10-нан 40 калорияға дейін болады. Бұл өте көп емес. Балаңыз сізге томпақтау көріне ме? Кей балаларда шынымен де артық салмақпен проблема болады. Оны педиатр баланың медициналық картасындағы өзгерістен байқайды. Бірақ ол баланың тамақ ішу тәртібінің бұзылғандығын болады. Сондай-ақ ол бала мен ата-ана қарым-қатынасының кей ерекшелігінің салдары болуы мүмкін. Баланың артық салмағына аса зейін қойып, оған кәмпит жеуге мүлдем тыйым салудың қажеті жоқ. Бірақ тәттілердің мөлшерін мұқият бақылап, оларды тек тамақтан соң беру керексіз. Британ педиатрлары қызықты тәжірибе жүргізген: олар балабақшадағы балаларға мәзірді таңдауға еркіндік береді. Бастапқы күндері олар тек торт тілімі мен кәмпит таңдаса, біраз уақыттан соң дұрыс рационға, яғни, сорпа, ботқа және компотқа көшкен. Құрамында тағамдық қоспалары жоқ кәмпиттер таңдаңыз Кей кәмпиттерге тағамдық қоспалар үстеледі. Сондықтан тағамдық қоспалары жоқ кәмпиттерді таңдаңыз. Кәмпитке қосатын қант қарапайым қанттан нашар деп ойлайсыз ба? Қанттың өзі тек үш түрі бар: лактоза, глюкоза және фруктоза. Мысалы, балдағы және шырындағы қант басқа сапада емес. Егер балаңыздың тәттіге және шоколадқа аллергиясы болмаса, оны балаға арасында бергенде тұрған ештеңе жоқ. Кептірілген жемістерден кәмпит жасау Егер балаға тәтті беруді азайтқыңыз келсе, кәмпит тұратын вазаны бір сағатқа қана тығып қоймай, оны кепкен жемістермен, йогурттармен толықтай ауыстырыңыз. Қонақтардан тәттілермен келмеуін сұраңыз. Өз жоспарыңызды сіз жоқта балаға қарайтын адамға да түсіндіріп қойыңыз. Балаға бір үлкен шоколадтың орнына 2-3 кішкентай түрін беріңіз. Әрине, тәтті жемеуді немесе аз жеуді балаға ең алдымен өз үлгіңізбен көрсетіңіз.




08 ақпан 2020 ж. 1 080 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031