» » Тегінде бар тектілік

Тегінде бар тектілік

«Қайда жұмыс істейсің? Машинаң бар ма? Үйің бар ма? Айлығың қанша?»  Бұл сұрақтар өкінішке орай ру сұрасудың орнын ауыстырып барады. Заман өзгерді ме, әлде адам басқа ма, жоқ ұлттық тәрбиенің әлсіздігі ме, ру сұрамақ түгілі, жеті атасының кім екенінен де хабары жоқ кей замандастың. «Жеті атасын білмеген жетесіздің» ғашықтықтан жасап алған ұрпағының жәй-күйі не болмақ? Тектілігіміз қайда қалды?
Әлемді  таң қалдырған қан таза­лы­ғымызды ұлттық брендіміз деп есептесек те артық болмас. Тарихшы Ж.Бабалық­ұлының деректеріне сенсек, Оңтүстік Кореяның ғалымдарыдүниежүзіндегі халықтың қан құрамын тексеріпті-мыс. Сонда ең таза қан қазақтың қаны, олар жеті атаны ұстанады деп тауыпты. Қазақта ру атын иемденуден артық дәреже жоқ. Тектілікті дәріптеудегі басты қағида – некелесу барысында тегіне қарау. Ертеректе мейлі ұл болсын, қыз болсын ең алдымен ру сұрасып, тегін анықтаған. Жетінші ұрпаққа дейін қыз берісіп, қыз алысуға үзілді-кесілді тыйым салудың арқасында қазақ тұқымының бұзылуынан, тектік-генетикалық қасиеттің жойылуынан сақтандырылған. Еңлік-Кебектің, Қалқаман мен Мамырдың аралары төрт-бес ата болғанына қарамастан, олардың сүйіспеншілігі елдік шекараны бұзатын ауыр қылмысқа теңеліп, қатал жазаға ұшырайтыны да содан. Ал қазіргі таңда «екі жас бір-бірін сүйеді»,- деп, бұл заңдылықты бұзуымен қатар, кемтар баланы дүниеге әкелуде. «Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле, руыңды сақтаймын десең ұлыңды тәрбиеле» деген сөз бекер айтылмаған. Бұл жарық дүниеге қасиетін жоғалтпаған, асылдың сынығындай текті ұрпақ әкелу мақсатымен байланыстырылған. Ата-тегін білудің мәнін ұрпақтан ұрпаққа жеткізе ұғындырып, туыстарды татулыққа, бір-біріне бауырмалдылыққа тәрбиелеу қажет. Ал сіз ізіңізде өнегелі ұрпақ қалдырғыңыз келе ме? Онда соқыр сезім мен жалған ғашықтықты ысырып қойып, ру сұрасқаныңыз жөн болар.
Айнұр ӘЛИ.
11 ақпан 2018 ж. 1 292 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031