» » » ИІНІ ЖҰМСАҚ ИТ ЖЫЛЫ

ИІНІ ЖҰМСАҚ ИТ ЖЫЛЫ

Қолданыстағы Григорьян күнтізбесібойынша ит жылы келіп кірді.
Тарихта – 1910, 1922, 1934, 1946,1958, 1970, 1982, 1994, 2006 жылдар ит жылы болды. Осы жылдардың табиғи, саяси,әлеуметтік, рухани бет-бедерін көргіңіз келіп, шежіресін ақтарсаңыз, үшжаманға, жеті жақсыға жолығасыз. Есеп-қисап тілімен айтсақ, жылдың 70 пайызыжақсы істерге толы болмақ.
Біздің айтпағымыз – ит жылыныңқасиеті мен мінезі.
Жаңа айтып өткеніміздей, ит жылыжайлы жылдар қатарына жатады. Пәлсапа парыққа терең қазақ жыл атауларынжануарлардың жаратылысына қарап шығарған. Халқымыз осы байламын өзініңмақал-мәтелдерінде, салт-дәстүрінде көрсетіп береді. Мысал келтірейік: «Иттітепкен, ырысты тебеді». Неге бұлай айтылды екен? Себебі ит өзінің иесіне ырыстілеуші немесе ырысын, байлығын қорғаушы. Сондықтан да оны жеті қазынаныңбіріне санаған. «Ит тілеуі бір күшік» дейді. Неге? Өйткені ит күшігін асыраса,одан басқаға құнықпайды. Есіктен қарағанмен, төрге шықпайды. Бұл адамға қаратаайтылғанда қанағат пен шүкірді аттама деген сөз. «Ит күшігім десең, аузыңдыжалайды», бұл не дегені? Ит өзін сыйлағанды ешқашан ұмытпайды. Оның адалдығыниелену үшін басынан сипаудың өзі жеткілікті.
Ит жаужүрек, егесі бардаештеңеден қорықпайды. Иттің тегі көкбөрі, жаны үшін ешқашан бас имейді.Жартасқа шығып, айға қарап ұлып тұрған көкбөрінің символдық суретін талайкөрген шығарсыз. Айға қарап ұлуы көктегі тәңірден басқа ешкімге мұң шақпаймындегені. Мұндай қайсарлық басқа ешқандай тағы аңда кездеспейді. Ал, қандендіқарсы пікірге алмай-ақ қойыңыз.
Ит жылының төлі туабітті батыр,ержүрек ұландар болады. Алысқа бармай-ақ, қазақтың Бауыржан Момышұлын, Шығыстыңқос шынары Әлия мен Мәншүкті, немістер «түнгі аспанның мыстаны» деп зәресіқалмаған ұшқыш Хиуаз Доспанованы, екі мәрте Кеңес Одағының батыры ТалғатБигелдиновті, тұңғыш ғарышкер, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровті айтсақ та,басқа дәлел іздеудің өзі артық.
Міне, байқап отырсаңыз ит жылы иіжұмсақ жыл болумен қатар ер жүрек адамдарды дүниеге әкелетін қайсарлық пенқайраттылықты тініне сіңірген жыл екен. Сонымен бірге жұлдызшылар жекеадамдардың өмірі ит жылында тосын сыйларға толы болады деп болжап отыр.
Жақында белгілі көріпкел БақытЖұматова ит жылында қаржылық қиындықтар болмайды, оңтүстіктегі облыстарәлеуметтік тұрғыдан дами түседі деп біздің облысымыздың атын атады. Біз үшінбұл да үлкен қуаныш алып келген жыл сыйлығындай сезілді.
Келген жыл кенен жақсылықтарғакенелтсін, ағайын.
Д.АЯШҰЛЫ.
09 қаңтар 2018 ж. 1 893 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031