» » » Құрметті оқырман!

Құрметті оқырман!


Шайырлар мекені. Жыраулар топырағы. Қасиетті аймақ. Қорқыт баба мәңгілік сапарға аттанған киелі жер. Қармақшы турасында сөз осылай басталады әдетте. Орайлы сөз орнымен қолданылса еш сөгеттігі жоқ. Жер ана қай жерде де қасиетті, қай кезеңде де құрметті. Ал сол қасиетті төмендетпеу, сол биіктікті аласартпау адамдардан.
Жуырда қалың қауым жиналған бір жиында тектілік туралы сөз болды. Талқыға түсті. Ғылыми қызметкер мен парасат пайымы алысқа шапқан пәлсапашылар болмаса да, тектіліктің жай-жапсарын таразылап, ауқымы сараланып, біраз белге асырып тастадық. Сол жиында айтылған көп сөзден түйгенім, қазақ танымында тектілік ауқымы кең, "айналасы жұп-жұмыр" дүние емес екен. Бір мысал болсын: "Жақсыдан жаман туар бір аяқ асқа алғысыз, жаманнан жақсы туар адам айтса нанғысыз". Қазақ дана ғой. Осы ұлттың баласы болғасын ба, осы ұлттың жыртысын жыртып, сөзін сөйлеп жүргесін бе, солай көрінеді, солай пайымдалады. Сондықтан Пушкиннен Абайды, Ломоносовтан Қанышты биік қоятыным. Өзімшілдігім болар, бірақ өзгенің "Ұлысына" мүсіркеп қарау ойда жоқ. Бірді айтып, бірге кетеміз, әлгі ұлағатты сөзге оралайықшы, қазақ танымындағы тектілік істеген ісімен, атқарған шаруасымен бағаланады.
Қазақтың бәрі текті. Өйткені қазақтың қаны таза, жаны жайсаң, тілегі бір, тілеуі - Тәңір. Жуырда бір ақпаратқа көзім түсті, АҚШ-тың ғалымдары қан ауруын, генетикалық ауытқушылықтарды болдырмау үшін үшінші ұрпаққа дейін шаңырақ көтеруді заңмен тежеуді ұсынды. Яғни біздің тілде немере ағайыннан кейінгілерге үйленуге рұқсат беру. Бұл үрдісті Малай, Корей елдері де қуаттап отыр. Ғылым ағайын арасындағы бір-біріне үйленуі үлкен кесел туындататынын айтады. Ал қазақ мұндай бәлекеттің боларын сонау әз-Жәнібек тұсында бағамдап, тектілікті сол кезден-ақ сақтап келген.
Қазір жанжалдасқан екеу болса, даурығысқан топ болса, ата сақалы аузына түскен қариялар, әдеттегідей: "текті елдің баласымыз, елге тиімді іс қылайық" деп отыратұғын жайы бар. Біз айтқан тектілік тек қанда емес, ісімізде, сөзімізде, тірлігімізде болсын деген ишара ақсақалдардікі. Құрметті оқырман, мұнымен айтпағым, қазақтың жері киелі, киелі демеске лаж жоқ, өйткені ұланғайыр даланы ақ найзаның ұшымен, тектілік тулаған білектің күшімен, парасат пен пайым паналаған ақылдың ісімен қорғап келді. Ал сондай қасиет дарыған жерде тектілікпен, ептілікпен тірлік қылу - бізге парыз.
Дастанбек САДЫҚ
03 қаңтар 2018 ж. 1 653 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031