» » КӨҢІЛ ПЕРНЕСІ

КӨҢІЛ ПЕРНЕСІ

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Кунсткамера музейі бар. Мұнда Ресейге қарсы көтерілген, озбырлығына қарсы шыққан, олардың мүддесіне сәйкес келмеген 60 000 адам өлтіріліп, бастары кесіліп алынып, осы жерде сақтаулы тұр. Бұндай айуандық мұсылман қауымында жоқ. Бұны тағылық іс-әрекет дер едім. Өлген адамның денесін паршалап кесіп алуды басқаша қалай түсінуге болады?!.... Олар да жай адамдар емес. Өлі бастар жер қойнына берілмесе, Ресейде де тыныштық болмайтындай көрінеді, маған.
***
Кенже баламның аты – Тоғжан. Қай кезде де әңгімеге араласып, өз пікірін білдіріп отырады. Жаңа жыл туралы пікірлестік. Сонда Тоғжан:
– Елімізде екі жаңа жыл тойланады. Маған ұнайтыны көктемде күн мен түн теңеліп, аталарымыз тойлаған – Наурыз мейрамы. Бабалар жолын жалғау ұрпақтарына міндет болу керек қой, – дегені.
Баламның бұл шынайы ойына мен де сүйсініп қалдым.
***
Жастар үйленіп, дүркіретіп той жасап жатады. Тілектер айтылады. Екі жақтың ата-анасы да балаларының бақыты үшін шығындалады. Дұрыс қой. Атамыз қазақ та «қарызданып қатын ал, қатының қалар жаныңда» деген. Өкініштісі, көп ұзамай жас жұбайлардың ажырасқаны туралы естіп жатасың. Бұларды ешкім зорлап қосқан жоқ, аз уақыт арасында не болған? Уәде қайда, махаббаттары қайда, жауапкершілік ше? Ажырасу соншалықты оңай болғаны ма? Қазір елімізде үйленген жастардың жартысына жуығы қайта ажырасып жатады. Сұмдық қой! Осындайда қазақ дәстүрінде ажырасудың болмағаны еске түседі. Ата салтына амалсыз бас иесің.
***
Атам заманнан еркек үйдің тірегі, елдің айбаты, қорғаушысы. Еркектің осы қасиеті мен намысы болмаса елдің болашағы жоқ. Оны халқымыз дұрыс түсінген. Әйелі ерін құрметтеген, абыройын асырған. Күйеуінің атын да атамаған. Қазір ше?... Олай айта алмайсың. Күйеуіне қарсы айқайға басқан әйелін, соның алдында сүмірейіп тұрған күйеуін көргенде іштей ренжисің. Олай ер адамның абыройын жұрттың алдында түсіруге болмайды ғой. Оны көріп өскен бала не болмақ? Ертең ол да әйелінің алдында томпаңдап кетіп бара жататыны шындық. Көрген тәрбиесіне тартпай тұра ма? Еркегі орнын біліп іс жасаса, әйелі оны сыйлауы парыз болмақ.
Д.Мырзабекұлы
29 қаңтар 2018 ж. 1 352 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031