» » "Бас тарту" дәстүріміз жайлы

"Бас тарту" дәстүріміз жайлы


 Басты қасқалау. Яғни, жолын ашу. Жоғарыдан төмен түзу бір сызық түсіре, тиісінше, көлденең тағы бір тіледі.  Онысы тігінен түскен біздің жол, көлденең түскен сіздің жол дегенді ырымдағаны.
 Бас салынған табақты әкелгенде қазақ оның тұмсық тұсын төрге, шүйдесін есікке қаратып әкелген. Оның бірнеше түрлі дәстүрлік мәні бар. Біріншіден, ол несібенің адамға оң келуі, адал асы дегенді білдірсе, екіншіден, мұнда діни наным-сенім де жоқ емес. Айталық, дана қазақ мал басын құбылаға қаратып союға ниет ететіндіктен, оның тұмсық тұсы Меккенің топырағын иіскеген деп қастерленеді. 
 Бұл туралы атақты Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова «Бабалар аманаты» атты этнографиялық кітабында мынадай үзінді келтіреді:
 "Қонақтар кеткен соң жаңалап шай жасап, енді өзіміз дастарқан басына отырдық. Байқаймын, атаның (Бауыржан Момышұлы) қабағы салыңқы. Бір кезде:
— Дастарқаның толымды, астарың дәмді болды. Әсіресе "ұмытылған тамақ қой мыналар" деп әсіп пен сүт құйған өкпе оларға өте ұнады. Бірақ соның бәрін сен жіберген төрт қателік жуып кетті. Қонақтар оны байқады-байқамады дей алмаймын. Ал мен анық көрдім, – дегенде дымым ішіме түсіп, көзім қарауытып кетті. Бүріскенім соншалық, құрттай тесікке сыйып-ақ кетер едім.
— Ол не, папа? – деп Бәкең әкесіне қарады. Бірақ ата маған қарап, маған арнап сөйледі:
— Біріншіден, есі дұрыс қазақтың әйелі қонаққа бас көтеріп кірмейді. Жаман-жақсы болсын, басиең аман. 
 Екінші қателігің – басты шүйде жағымен әкелгенің. Қой шүйдесі емес, тұмсығын алға беріп жүреді. 
 Үшінші қателігің – қойдың тісін қақпай әкелгенің. Бұл – ең алдымен, тазалық. Қой тісінің түбінде не жатқанын қайдан білесің?! Шөп жейтін, жем жейтін мал ғой. Содан кейін мұның екінші мағынасы бар. Қазір ұмытылған, көнекөздер болмаса, көпшілік біле бермейтін жағын да айтайын. Қазақтар – талай нәрсені ым, тұспал, ишара арқылы білдірген текті халық. Соның бірі осы қағылмаған тіске байланысты. Сыйласып жүрген екі адамның біреуі әлденеге ренжіп, бірақ соны "сөз көбейер" деп айта алмай жүрсе, өзі ренжіп жүрген адамы үйіне келгенде етпен бірге алдына тісі қағылмаған басты қояды. Сонда бас ұстаған адам: "Ә-ә, мынаның ішінде маған деген бір қыжылы бар...




11 маусым 2019 ж. 1 231 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031