» » «Бір ел –бір кітап» акциясы

«Бір ел –бір кітап» акциясы

Көмекбаев ауылдық кітапханасында «Бір ел –бір кітап» акциясы аясында «Ел қасиеті – ер қасиеті» деген тақырыпта Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіндегі кейіпкерлерден монолог жарысы болып өтті. Іс –шараға мектеп оқушылары, ата –аналар, оқырмандар қатысып отырды. 9 сынып оқушылары Әмитова Дильназ Бауыржанның әжесі Қызтумастың монологын, Оралбаев Қуандық әкесі Момыштың, Аманкелдіұлы Құрман атасы Имаштың, Құтпанбаева Мақпал әпкесі Үбіштің сөздерін жатқа айтып берді. Оқырмандарға жүргізуші Б.Момышұлының өмірбаянынан мағлұмат айтып, оқушы Нұрханова Шұғыла повестің мазмұнына тоқталып, үзінділер оқыды. Қатысушылар Б.Момышұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесін тамашалады.
Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" повесі(1974) - халқымыздың XX ғасырдың басындағы аса құнды, қазақ руханиятының қазынасы. Мұнда он алтыншы жылдың дүрбелеңі мен күштеп ұжымдастыру кезіндегі тартыстар батыл айтылып, Кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары кеңінен қамтылған.
Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұяда» әлем тарихы, тірлік, өмір туралы алғашқы мағлұматтарды,аңыз-әңгімелерді әжесінен естігенін үлкен сүйіспеншілік сезімен есіне алған,сондай-ақ ненің жақсы , ненің жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді әжесінен үйренгенін мақтан етеді. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Рәзия қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың қолында өседі.
Бауыржан Момышұлының шығармаларының құндылығы бүгінгі таңда баға жетпес мұра болып табылады. Себебі, жастарды, жаңа ұрпақты сергек және өз ісіне сенетін, кедергілерден қорықпайтын, оның қандайын болса да, жеңе білетін күрескерлік рухта тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы.

22 қазан 2018 ж. 1 936 1

JeaCold от 27 ақпан 2019 02:25
Priligy Et De La Fda viagra Vardenafil 20 Mg.No Prescription

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 043

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031