» » Адам папиллома вирусы және одан қорғанудың тиімді жолдары

Адам папиллома вирусы және одан қорғанудың тиімді жолдары

Адам папиллома вирусы (АПВ) – әлемде кең таралған инфекциялардың бірі және көбіне жыныстық қатынас арқылы жұғады. Сонымен қатар вирус тұрмыстық жанасу кезінде немесе жүктілік барысында анасынан нәрестеге берілуі мүмкін. Инфекция көп жағдайда ешқандай клиникалық белгісіз өтеді, алайда уақыт өте келе жатыр мойны жасушаларына әсер етіп, қатерлі ісік алды өзгерістердің пайда болуына және жатыр мойны обырының дамуына әкелуі ықтимал.
АПВ-ның 200-ден астам типі белгілі, олардың ішінде 16 және 18 типтері қатерлі ісік тудыру қаупі жоғары топқа жатады. Ал 6 және 11 типтері әдетте жыныс мүшелерінде сүйелдер мен үшкір кондиломалар тудырады. Вирустың инкубациялық кезеңі бірнеше айдан 10–15 жылға дейін созылуы мүмкін, сондықтан ауру кейде ұзақ уақыт бойы байқалмайды.
Қазақстанда жатыр мойны обыры әйелдер арасында сүт безі обырынан кейінгі екінші орында тұр. Жыл сайын шамамен 1900 әйелге осы диагноз қойылып, 600-ден астамы көз жұмады. Аурудың ең жиі тіркелетін жасы – 25 пен 44 жас аралығы.
АПВ инфекциясының белгілері көбіне тері мен шырышты қабықтардағы өсінділердің, сүйелдер мен кондиломалардың пайда болуымен байқалады. Әсіресе жыныс мүшелерінде кездесетін үшкір кондиломалар вирус жұққанын көрсететін негізгі белгі болып саналады.
Вирустың берілу жолдары әртүрлі. Негізгі жұғу факторы – қорғанусыз жыныстық қатынас. Бұған қоса тұрмыстық жанасу, жеке заттарды ортақ пайдалану және босану кезінде аналық жол арқылы нәрестеге беру ықтималдығы бар.
Инфекцияның алдын алу үшін бірнеше маңызды шараларды сақтау қажет. Ең алдымен, кездейсоқ жыныстық қатынастан бас тарту және жеке бас гигиенасын сақтау вирус жұқтыру қаупін төмендетеді. Иммунитетті күшейту де ағзаның инфекцияға төзімділігін арттырады. Әйелдерге жылына кемінде екі рет профилактикалық тексеруден өтіп, цитологиялық зерттеу тапсыру ұсынылады, себебі ерте кезеңде анықталған өзгерістер дер кезінде емделеді.
АПВ-ның алдын алудың ең тиімді тәсілі – вакцинация. АПВ-ға қарсы вакцина жатыр мойны обырының пайда болу қаупін айтарлықтай төмендетеді және репродуктивтік функцияға әсер етпейді. Бұл вакцина әлемнің 135-тен астам елінде қолданылады және клиникалық зерттеулер жағымсыз әсерлердің тіркелмегенін көрсетеді.
Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцина 11 жастағы қыздарға жоспарлы түрде жүргізіледі. Сонымен қатар 12 жастан 13 жас 11 айға дейінгі жасөспірім қыздарға қосымша вакцинация қарастырылған. Бұл талап ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі №11 қаулысымен бекітілген. Вакцинация ата-ананың немесе заңды өкілдің келісімімен, алдын ала дәрігерлік тексеруден кейін егу кабинеттерінде тегін жүргізіледі. «Гардасил» вакцинасы 6 ай аралығымен екі рет егіледі және иммунитеті төмен адамдарға да қауіпсіз болып табылады.
Жасөспірім қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау – болашақтағы жатыр мойны обырының алдын алудың ең сенімді әдісі және әйелдердің репродуктивтік денсаулығын қорғауда маңызды рөл атқарады.
Перизат Қобылашқызы,
Қармақшы аудандық
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бөлім басшысы
19 қараша 2025 ж. 33 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (10457)

22 қараша 2025 ж.

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 905
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 607

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930