» » Адам папиллома вирусы және одан қорғану жолдары

Адам папиллома вирусы және одан қорғану жолдары


 
Адам папиллома вирусы (АПВ) – кең таралған инфекция. Негізінен жыныстық қатынас кезіндежұғады, сонымен қатар тұрмыстық жағдайда және анасынан балаға берілуі мүмкін. Көп жағдайда вирус белгілерсіз өтеді, бірақ уақыт өте келе жатыр мойныжасушаларында өзгерістер туғызып, ракалды ауруларға және жатыр мойны обырына алып келуі ықтимал.
АПВ-ның 200-ден астам түрі бар, олардың ішінде 6, 11, 16 және 18 типтері аса қауіпті, себебі онкология тудыруы мүмкін. Инкубациялық кезеңі бірнеше айдан10–15 жылға дейін созылады.
Қазақстанда жатыр мойны обыры әйелдер арасындасүт безі обырынан кейін екінші орында. Жыл сайыншамамен 1900 әйелге осы диагноз қойылып, 600-ден астамы қайтыс болады. Ең жиі ауру 25–44 жасаралығындағы әйелдерде кездеседі.
 
Ауруды анықтау:
❖ тері мен шырышты қабықтарда сүйелдер мен өсінділердің пайда болуы;
❖ жыныс мүшелерінде үшкір кондиломалардың байқалуы.
 
Жұғу жолдары:
❖ жыныстық қатынас арқылы;
❖ тұрмыстық жанасу кезінде;
❖ жүктілік кезінде анасынан балаға берілуі мүмкін.
 
Алдын алу шаралары:
❖ кездейсоқ жыныстық қатынастан бас тарту;
❖ жеке бас гигиенасын сақтау, қабыну мен жарақатқа жол бермеу;
❖ иммунитетті күшейту;
❖ әйелдерге жылына екі рет дәрігерге қаралу, зертханалық талдау тапсыру;
❖ ең тиімді жолы – вакцинация.
 
Вакцинация:
АПВ-ға қарсы вакцина жатыр мойны обырынанқорғайды, бала туу қабілетіне әсер етпейді. Әлемнің 135 елінде қолданылып келеді. Жағымсыз реакциялартіркелмеген.
Қазақстанда вакцинация 11 жастағы қыздарға жүргізіледі. Сонымен қатар 12 жастан бастап 13 жас 11 айға дейінгі қыздарға қосымша вакцинациялауқарастырылған (2024 жылғы 17 қыркүйектегі ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №11 қаулысы).
Вакцина ата-анасының (заңды өкілінің) келісімімен, дәрігер тексеруінен кейін егу кабинеттерінде тегінжасалады. «Гардасил» вакцинасы 6 ай аралықпен екі ретегіледі. Иммунитеті төмен адамдарға да қауіпсіз.
Жасөспірім қыздарға АПВ-ға қарсы екпе жасау – болашақтағы жатыр мойны обырының алдын алып, онкологиялық аурулардан қорғайтын маңызды қадам.
 
 
Ақбота Әбжаппарова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық 
бақылау басқармасы басшысының орынбасары
01 қыркүйек 2025 ж. 65 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 346
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930