» » Адам папилома вирусы дегеніміз не?

Адам папилома вирусы дегеніміз не?

Адам папилома вирусы - бұл теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы. Адам папилома вирусы адамнан адамға келесі жолдармен беріледі.
Тұрмыстық жолмен-қол алысу, сүйісу, терідегі зақымданулар арқылы берілуі мүмкін. Вирус ылғалды ортада тез таралады. Сондықтан қоғамдық орындарға, моншаларға, дәретханаларда, бассейіндерге барғанда өзінізді ұқыпты ұстанғаныңыз жөн.
Жыныстық жолмен – вирустар жыныстық жолмен берілгенде жыныс мүшелері аймағында орналасатын сүйелдерді тудырады.
Адам папилома вирусының алдын алу
Зерттеулерге сәйкес, жыныстық белсенді халықтың шамамен 80 пайызы Адам папилома вирусымен ауырады. Адам папилома вирусы 100 ден астам түрі болады. Ең алдымен ерлер мен әйелдерде жыныс мүшелерінің қатерлі ісігін тудыруы мүмкін. Жыл сайын Қазақстанда 500 ден астам әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады. Қатерлі ісік ауруының таралуы республика бойынша екінші орында тұр. Бүгінгі күні ағзадағы папилома вирусын жоятын дәрілер жоқ. Алдын алу үшін жеті жылда бір рет енгізілетін арнайы вакциналар жасалады. Мұндай вакцинаны жыныстық қатынас басталғанға дейін алғаш рет қолданған дұрыс. Адам папилома вирусы ауруының ең сенімді сақтану жолы вакцинация алу!Сол себепті қатерлі дерттің алдын алу үшін екпе салдырып, жылына бір рет тексеріліп жүруге жақырамыз.
Г.М.Төлепбергенова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
23 қазан 2024 ж. 339 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 638
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 407

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031