» » Адам папиломмасы вирусы

Адам папиломмасы вирусы

Адам  папиломма вирусы – тері  мен шырышты қабаттардың  эпителиіне  әсер  ететін  өте  кең  таралған  вирусты  ауру. Оның  100 ден  астам  түрі  бар. Оның  10 нан  астамы қатерлі  ісікке  алып  келуі  мүмкін. Бұл  вирус  жыныстық  қатынас  кезінде, тері  немесе  шырышты  қабықпен  тығыз  жанасу  кезінде  және  анадан  балаға  жұғуы  мүмкін. Көп  жағдайда  бұл  вирус  симптомсыз  болады. Сол  себептен  адам  өз  ағзасында  вирус  инфекциясының  бар  жоғын білмейді. Оны  тек  анализдер  арқылы білуге  болады. Бұл  вирус  жатыр  мойнының  қатерлі  ісігіне, сонымен  бірге  бас, мойын, қынап, тік  ішек  және  ауыз  жұтқыншақ  қатерлі  ісіктеріне  себеп  болуы  мүмкін.
Жұғу  жолдары. Бұл  вирус  өмірге  қабілеттілігін  суда  сақтай  алады. Жыныстық  жолмен  беріледі. 35-57 жас аралағанда  жұқтыру  қаупі  жиілігі  жоғарылайды. Біздің  планетамызда  шамамен 20 пайыз  тұрғындардың  қанында бар. Иммунитетіңіз  әлсіреген  бойда  папилломалар  дереу  шыға  бастайды. Папиллома  көбінесе  адам  көп  терлейтін  жерлерде  шығады.
Емі. Тері папиломмасы  әдетте  зиянсыз. Оны  дерматолон, косметолог  дәрігер  алады. Оны  жұлып, кесуге  болмайды.
Папиломманың  алдын  алу-кездейсоқ  жыныстық  қатынастардан  бас  тарту, салауатты  өмір  салтын  ұстану  және  иммунитетті  арттыру.
Жасөспірім  қыздар  папилломаға  қарсы  вакцинацияланады. Оған қарсы  вакцинация  2024-2025  жылы Ұлттық  профилактикалық  егу күнтізбесіне  енгізіледі. Онкологиялық  аурулардың  алдын  алу   үшін  11  жастағы  жасөспірім  қыздарды  папилломаға  қарсы  егу  жоспарланған.

Сәуле Саймбетова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бас маманы 
 
23 сәуір 2024 ж. 441 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 348
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 209

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728