» » Вирусты гепатиттен сақтану жолдары қандай?

Вирусты гепатиттен сақтану жолдары қандай?



Вирусты гепатит (сары ауру) - бауырдың зақымдалуымен жүретін вирусты жұқпалы ауру. Ал бауыр- адам ағзасының ең маңызды мүшесі, ол ас қорыту процессіне қатысып қана қоймай сондай-ақ, ағзадағы маңызды «сүзгі» болып табылады. Вирус организмге түскеннен кейін бауыр жасушалары зақымдалып , оның қызметі бұзылады. Қабынған бауыр дер кезінде емделмесе кейін ол фиброз, циррозға немесе қатерлі ісікке айналып кетуі мүмкін.
Вирусты гепатиттердің A, B, C, D және E түрлері болады. Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар, белгілері, берілу жолдары да әртүрлі
Вирустар сыртқы ортаға төзімді келеді, мысалы бөлме температурасында, тіпті ұстараның жүзінде, ине ұшында, кепкен, тіпті, білінбейтін қан дағында бірнеше апта сақталып қалуы мүмкін.
«А» вирусты гепатиті-тағам, су, тұрмыстық қатынас арқылы берілсе, гепатиттің «Е» түрі-ластанған су арқылы жұғады.
«В» және «С» гепатиттері вирустарының негізгі берілу жолдары:
• жыныстық қатынас жолымен;
• вируспен зақымдалған қанды құю;
• ананың жүктілік кезінде , босанғаннан кейін балаға берілуі;
•дұрыс стерильденбеген медициналық инструменттер, сән салондарында (маникюр және педикюр) аспаптар арқылы ;
• вирустық гепатитпен ауыратын науқастардың тұрмыстық заттарын пайдаланғанда(тіс щеткалары, ұстаралар).
Созылмалы вирустық гепатиттің көрініс табуы, әдетте, кезеңдік болып келеді. Созылмалы гепатит жасырын күйде (біраз уақытқа дейін) болып, клиникалық байқалмауы мүмкін және оның алғашқы белгілері мыналар болып табылады:
• бауыр көлемінің ұлғаюы;
• іштің ауырлығы немесе жайсыздық (бауыр орналасқан оң жақта);
• оң жақ қабырға астының сыздап ауыруы, майлы тағамның жақпауы және т.б.;
• әлсіреу және шаршау;
• тәбеттің болмауы, жүрек айнуы;
• кіші дәреттің күңгірттенуі;
• үлкен дәрет түсінің өзгеруі (ашық бола бастайды);
• терінің және көз ағының сарғыштануы (сары ауру);
• «бауыр белгілері» - дене және көз терісінің жұлдызша түріндегі капиллярлардың кеңеюі, «бауырлық алақандар» - алақандардың қызаруы;
• қан ұюының бұзылуы, мұрыннан қан кету және көгерулердің оңай пайда болуы.
Бұл аурумен кез келген адам ауыруы мүмкін. Сондықтан "сақтықта қорлық жоғын" дегенді естен шығармаған жөн. Ол үшін қауіпсіздіктің қарапайым ғана ережелерін есте сақтаңыз. Салондарда маникюр, педикюр, татуировка жасағанда өз жиынтығыңызды пайдаланғаныңыз дұрыс немесе зарарсыздандырылған құралдарды қолданып жатқанына сенімді болыңыз.
Аурудың алдын алуда ең тиімді жолы- екпе алу.
Осы екпе егудің нәтижесінде соңғы жылдарда А және В гепатитімен ауырғандар саны азаюда.
Елімізде «А» және «В» гепатитіне қарсы ҚР профилактикалық екпе егу ұлттық күнтізбесіне сай тегін екпе жасалады.
«А» гепатитіне қарсы 2 жаста 6 ай аралықпен 2 рет.
«В» гепатитіне қарсы туғаннан бастап 1-4 күні, 2, 4 айларында екпе жасалады.
Бұл ауруларда жеке бас гигенасын сақтауда өте маңызды.

Гульфараз ЖҰМАБЕКОВА,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы

21 тамыз 2023 ж. 504 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031