» » "Уақыт күтпейді"

"Уақыт күтпейді"


qarmaqshy-tany.kz А гепатиті немесе Боткин ауруы -ол вирустық гепатиттің ең көп тараған түрі. Аурудың жасырын кезеңі (ауруды жұқтырғаннан бастап, гепатиттің алғашқы белгілері байқалғанға дейін) 7 күннен 50 күнге дейін созылады. Ауру әдетте дене қызуының жоғарылауамен басталып, 2-4 күн өткен соң аурудың зәрі қоңырланады, сыраның немесе қою шәйдің түсіндейболады, ал үлкен дәреті ағарады. Сонан кейін денеде сарғаю пайда болады.

А гепатитімен ауырған кезде төсекте жату керектігі ұсынылады, арнаулы ем-дәм және гепатопротекторлар - бауырды қорғайтын дәрілер тағайындалады.

А гепатитінің өзіндік таралу жолдары -тұрмыстағы адамдар арасындағы қарым-қатынас және вирустармен залалданған тамақ пен суды қолдану арқылы таралады. Сонымен бірге лас қол арқылы берілетіндіктен, А гепатитімен көбінше балалар ауырады. А гепатитінің алдын алудағы негізгі шара -гигиеналық норманы сақтау.
ЖДО, СӨСҚ мамандары Жосалы кенті орталығында орналасқан ойын алаңында болып, ата-аналар, жасөспірімдер және балалар арасында "Уақыт күтпейді " ұранымен вирусты гепатиттің алдын алу тақырыбында акция өткізді. Балаларға жеке бастың гигиенасын қатаң сақтау жөнінде түсіндіріліп, қол жуу ережесі көрсетілді. Сонымен қатар, дене белсенділігімен айналысу, дұрыс тамақтану, артық салмақ, зиянды әдеттердің алдын алу туралы айтылып, ақпараттық -ганымдық материалдар таратылды.

# Салауатты өмір салтын ұстанайық!#

28 шілде 2023 ж. 510 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 307
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 768

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 84

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930