«Миқұрт (менингит) ауруы және оның алдын алу жолдары»

Аурудың алғашқы белгілері
Ауру екi түрге бөлiнедi. Жедел және созылмалы болатын бұл аурудың ең күрделiсi мида iрiңдi түрде болатын менингиальдық синдромы. Менингит — құрт ауруының түрi -науқастан әл кетiп, шаршап, тез терлеп, дене қызуы көтерiлiп ұзақ уақыт жүредi. Бас сүйек iшiндегi қан қысымы ұлғайғанда барып анықталады.Аурудың алғашқы белгiлерi — ауру жұққаннан кейiн 10-12 күннен соң ағзада бас ауру, лоқсу, ауыз құрғап, қызу көтерiлу, дауыс қарлығып, өңi бозару секiлдi инкубациялық кезең өтiп, денеде қызғылт түстi дақтар пайда болады. Дене қызуы 40 градусқа жоғарылап, бұлшық еттері қысыла бастайды. Дер кезiнде емделмесе көп жағдайда мүгедек болып қалуы да мүмкiн. Жарыққа қарай алмай, қатты дауыстан қорқып, есiнен адаса бастайды. Бұл белгi iрiңдi менингитті білдіреді.
Белгілері:
Бір жыл немесе одан да кішкентай балалар үшін ішуге бөтелкедегі немесе қайнатылған су берген жөн. Өйткені суда көптеген бактериялар мен вирустар болуы мүмкін;
Тұрып қалған су объектілерінде балаларды шомылдырмау қажет: көлдер, су қоймалары және басқа да орындар. Мұндай орындарда міндетті түрде бактериялар болады;
Жеміс-жидек пен көкөністерді пайдаланудан бұрын тазалап жуу қажет. Ет және балықты мұқият пісіріңіз;
Жеке бас гигиенасын сақтаңыз. Көшеден келгенде, дәретханадан соң, мұқият түрде қолыңызды сабындап жуу керек;
Өзіңіздің және балаңыздың иммунитетін күшейтіңіз. Дәрумендер қабылдап, таза ауада серуендеңіз;
Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде катаралдық құбылыстармен (тамақ қызарып, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік) дәрігерге көріну қажет, оның барлық ұсыныстарын орындаңыз;
Осы нұсқауларды орындаған жағдайда менингиттің алдын алуға болады.
ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы»
ШЖҚ РМКҚызылорда облысы бойынша филиалының
Қармақшы аудандық бөлімшесі бактериологиялық және
паразитологиялық зерттеулер зертханасының
зертхана маманы Тиыштыбай Салтанат