Менингитті лабораториялық зерттеу мен алдын алу шаралары

Ауру бастапқы кезеңде екi түрге бөлiнедi. Жедел және созылмалы болатын бұл аурудың ең күрделiсi мида iрiңдi түрде болатын менингиальдық синдромы.
Аурудың алғашқы белгiлерi — ауру жұққаннан кейiн 10-12 күннен соң ағзада бас ауру, лоқсу, ауыз құрғап, қызу көтерiлу, дауыс қарлығып, өңi бозару секiлдi инкубациялық кезең өтiп, денеде қызғылт түстi дақтар пайда болады. Дене қызуы 40-қа жоғарылап, бұлшық еттер тырыса бастайды. Дер кезiнде емделмесе көп жағдайда сал болып қалуы да мүмкiн. Жарыққа қарай алмай, қатты дауыстан қорқып, есiнен адаса бастайды. Бұл белгi iрiңдi менингитте орын алады.
Менингит — құрт ауруының түрi — науқастан әл кетiп, шаршап, тез терлеп, дене қызуы көтерiлiп ұзақ уақыт жүредi. Бас сүйек iшiндегi қан қысымы ұлғайғанда барып анықталады.
Белгілері:
•Жоғары температура;
•Бастың қатты ауыруы;
•Мойынның шалқаюы. Баланың өңі кірмейді, сұлық жата береді, басы мен мойынын артқа шалқайтып ұстайды.
•Ту сыртының да шалқайып кететіні сондай, бала басын тізесінің арасына келтіре де алмайды;
•Бір жасқа дейінгі баланың еңбегі көтеріледі (томпайып кетеді);
•Менингит кезінде құсу — осы ауруға тән құбылыс;
•Кішкентай балаларда менингиттің алғашқы кезеңінде анықтау қиын. Бала түсініксіз жағдайда, тіпті анасы емізгенде де жылай береді («менингит жылауы»). Немесе бала ұйықтай береді;
•Кейде талып қалады (құрысу), немесе дене қозғалысы да біртүрлі болып өзгереді;
•Көбінесе баланың жағдайы бірте-бірте нашарлай бастайды, ол мүлддесінен танған кезде ғана тынышталады;
•Туберкулез менингиті өте жай өрбиді, ол талай күндерге немесе апталарға созылады. Бұл аурудың басқа формалары ана гұрлым тез — сағаттар немесе күндер аралығында өршиді.
Емдеу жолдары
Науқасқа жедел білікті медициналық көмеккерсетіңіз — бір минут та кешеуілдетіп тұрмаңыз! Мүмкіндік болса, науқасты ауруханаға жеткізіңіз. Дәрігер келгенге дейін:
•әр 4 сағат сайын 500 мг апмициллин салыңыз. Немесе әр 4 сағат сайын 1 млн ед. панициллин кристаллын салыңыз. Егер мүмкіндік болса, хлорамфеникол да беріңіз;
•Ыстығы жоғары болған жағдайда (40°-танастам) оны ылғал компресспен немесе ацетаминофенмен не аспиринмен түсіріңіз;
•Егер баланың анасы туберкулезбен ауырса немесе баланың туберкулез менингитімен ауыруы мүмкін деп күдік туғызатын басқа да себептер болса, онда балаға оның салмағының әр 5 килограмына шаққанда 0,2 мг келетіндей етіп стрептомицин шанышыңыз да бірден дәрігер шақырыңыз. Сондай-ақ, егертуберкулездік менингит болмаса, ампициллинді немесе пенициллинді пайдалануға болады.
Диагностика
Менингококты инфекция клиникалық белгілердің, эпидемиологилық және лабораторлық мәліметтердің көмегімен анықталады:
•мұрын жұтқыншақтың бөлінісін, қанды, ликвордыт.б. бактериалогиялық тексеружүргізіледі;
•серологиялық тексеру (РПГА) жүргізіледі.
•Салыстырмалы диагностикасы
•Клиникалық формаға қарай жүргізіледі: назофарингитте – тұмаумен, басқа респираторлы аурулармен, баспамен, менингококкемияда экзантемамен өтетін инфекциялық және соматикалық аурулармен; менингитте – басқа этиологиялы менингиттермен.
Алдын алу
Анасы туберкулезбен ауыратын жаңа туған сәбиде болатын туберкулездік менингиттің алдын алу үшін сәбиге туған кезінде арнаулы вакцина егілуге тиіс. Сәбилер үшін вакцина мелшері — 0,05 мл (қалыпты 0,1 мл мөлшердің жартысы)
ҚР ДСМ ТКҚСҚБК «ҰСО» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша
филиалының Қармақшы аудандық бөлімшесінің
бактериологиялық және паразитологиялық
зерттеулер зертханасының зертханашысы М.Б.Касбаева