» » Облыстағы қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы қандай?

Облыстағы қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы қандай?

Қызылша ауруы – жедел дамитын ауа арқылы таралатын жұқпалы ауру. Ауру кең өріс алған кезде қызылшаға қарсы егілмеген және иммунитеті әлсіреген адамдардың 90-100% ауырады.


Ағымдағы жылдың 10 ай қортындысыменоблыс көлемінде 473 адам қызылша аурына шалдықты, ауруға шалдыққандардың 83% қызылша ауруына қарсы егілмеген болып отыр, оның ішінде 46% егу жасына жетпеуіне (1 жасқа дейінгі балалар) байланысты егілмеген, 27% қызылшаға қарсы егілгендігін растайтын құжаттары жоқтар және 5%жоспарлы профилактикалық екпелерден бас тартқандар болып отыр.
Облыс бойынша қызылша ауруының эпидахуалын тұрақтандыру мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің №1 және №6 қаулыларына сәйкес 2019 жылдың сәуір айының 1 жұлдызынан бастап 9-10 айлық балалар арасында және ағымдағы жылдың қыркүйек айының 16 жұлдызынан бастап 20-29 жас аралығындағы ересекреге қызылшаға қарсы қосымша егу науқаны жүргіп жатыр.
01.04.19ж. бастап бүгінгі күнге дейін жоспарға алған 9-10 айлық балалардың (12302 бала) 77% немесе 9435қызылша, қызамық, эпидпаротит ауруларына қарсы «ККП» вакцинасымен қамтылды. Ал 20-29 жас аралығындағы жоспарға алынған 73301 азамттың 84%-на қызылша, қызамық ауруларына қарсы «ККВ» вакцинасымен егулер жүргізілді.
Қызылша ауруының жасырын өту кезеңі 7-28 күн аралығында, орташа 7-10 күн, аурудың басталу кезеңі 3-5 күнге созылады, науқастың дене қызуы көтеріледі, жоғарғы тыныс жолдары қабынып, құрғақ, қақырықсыз, қатқыл жөтел пайда болады, мұрнынан су ағып,дауысы қарлығады,ентігу, ауыз-жұтқыншақтың алаулап қызаруы,көздің қызаруы, жасаурауы,іштің өтуі мүмкін. Айрықша белгілерінен бұл кезеңде ұрттың сілекейлі қабығында кіші азу тістер деңгейінде дақтар пайда болады,қатты таңдайда,бадамша безде,жұтқыншақтың артқы жағында да қызарған дақтар пайда болады. Ал аурудың нағыз қызған кезеңінде дене қызуы жоғары деңгейге дейін көтеріледі,ағзаның улануы байқалады. Осы кезеңде денеде бір-бірімен қосылған анық қызыл бөртпелер пайда болады,бірінші күні бетке,құлақ артына, мойынға, кеуденің жоғарғы бөлігіне, екінші күні кеудеге,қолдың жоғарғы жағына, ал үшінші күні қол мен аяққа тегіс тыстап бөртпелер шығады. Үшінші күннен кейін бөртпелер біртіндеп қайтады,теріде дақтар қалады. Аурудың айналасындағыларға денесінде бөртпе пайда болғанға дейін 4 күн, бөртпе пайда болғаннан кейін 4 күн ішінде ауру жұқтыру қаупі жоғары. Сондықтан ауру белгілері байқалғанда тез арада дәрігерге көріну қажет.
Қызылшаның арнайы емі жоқ. Ауырған адамдар арасында өкпенің жедел қабынуы, құлақтың естімей қалуы, көздердің көрмей қалуы, мидың жедел қабынуы секілді асқынуларымен қауіпті.
Қызылша ауруынан сақтанудың ең тиімді жолы және негізгі қорғану тәсілі – қызылшаға, қызамыққа, эпидпаротитке қарсы ектіру.
Осы орайда, облыс тұрғындарын қызылша ауруына қарсы вакцина қабылдап, қызылша мен қызамық ауруларынан қорғануға шақырамыз!

Қызылорда облысының
тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті
25 қараша 2019 ж. 1 720 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031