» » Қызылшадан қалай сақтануға болады?

Қызылшадан қалай сақтануға болады?

Соңғы жылдары Қызылорда облысында қызылшамен ауырған адамдар арасында егілу жасына толмаған 1 жасқа дейінгі балалар мен қызылшаға қарсы егілгеніне 15 жылдан асқан ересектер саны көбейіп отыр.
1 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша ауруының жиі тіркелуіне жас аналардың денсаулығының нашарлығы, аналардың бала кезінде қызылшаға қарсы уақытында толық егілмеуі, соған сәйкес анадан балаға берілетін ауруларға қарсы иммунитеттің төмендегені себеп болуда. Осы жағдайдың алдын алу, балаларды қызылша ауруынан қорғау үшін республика бойынша 2019 жылдың сәуір айынан бастап 9-10 айлық балаларды қызылшаға қарсы қосымша егу шарасы жүргізілуде. Себебі қызылша мен қызамық ауруынан сақтанудың ең тиімді жолы және негізгі қорғану тәсілі – балаларды 1 жасында және 6 жасында қызылшаға, қызамыққа, шошқа мойынға қарсы ектіру.
Егу шараларымен әрі қарай 20-29 жас аралығындағы жастарды қамту жоспарлануда. Бұл науқан 2019 жылдың қыркүйек айында жүргізіледі. Егу шарасы тегін жасалады, оған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сертификатын алған вакцина қолданылады.
Шараның мақсаты – бүгінгі таңда қызылша ауруымен жиі ауырып отырған 20-29 жастағы адамдарды қызылша ауруынан қорғау, жас аналарды қызамық секілді жұқпалы аурудан сақтандыру, олардың келешекте дені сау ұрпақты өмірге әкелуін мемлекеттік деңгейде қамтамасыз ету.
Сондықтан 20-29 жастағы облыс тұрғындарын қызылша мен қызамық ауруларына қарсы вакцина қабылдап, қызылша мен қызамық ауруларынан қорғануға шақырамыз!


Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін
қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы
19 тамыз 2019 ж. 2 049 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031