» » ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: 1 сәуірден бастап халықты қызылшаға қарсы қосымша иммундау басталады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: 1 сәуірден бастап халықты қызылшаға қарсы қосымша иммундау басталады

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қатысуымен қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы брифинг өткізілді.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің деректері бойынша эпидемиологиялық жағдайды ведомство тұрақты бақылауға алып отыр және барлық қажетті шаралар толық көлемде қабылдануда.
«2019 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасында халықты қосымша иммундау басталады. 9 айға толған балалар, егу мәртебесі белгісіз 30 жасқа дейінгі адамдар, бұрын егілмеген және қызылшамен ауырмаған, 5 және одан да көп жыл бұрын инфекция ошақтарында қызылшаға қарсы бір екпемен егілген адамдар, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакцинациялауға жататын медицина қызметкерлері вакцинацияланатын болады, себебі халықтың осы тобында қызылша ауруымен әлеуетті ауыратын науқастармен жиі байланыста болғандықтан жұқтыру тәуекелі жоғары» - деді Жандарбек Бекшин.
Вакцинация үшін қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚҚП) қарсы аралас вакцина пайдаланылатын болады. Вакцинаны «Серум институт оф Индия» (Үндістан) компаниясы өндірген, вакцинаның сапасына ДДҰ-ы кепілдік беріп отыр. Осы вакцина әлемнің 70-тен астам елінде, оның ішінде соңғы 10 жыл бойы Қазақстанда да сәтті пайдаланылуда. Ағымдағы жылға Бірыңғай дистрибьютор – «СК-Фармация» ЖШС-ы республикалық бюджет қаражаты есебінен 788,4 млн. теңге сомаға 651,5 мың дозаны (1 дозаның ағасы шамамен 1209 мың теңгені құрайды) сатып алды.
Бүгінгі күні вакцина елге әкелінді және барлық өңірлерге таратылды.
Еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері халық үшін вакцинация тегін жүргізілетінін, екпені алу үшін бекітілген аумақтық емханаға жүгіну қажеттігін атап айтты.
«Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті қызылшамен сырқаттанушылық бойынша жағдайға күн сайын мониторинг жүргізеді. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қазіргі уақыт аралығында қызылшаның 4670 расталған жағдайы тіркелген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 3350 жағдай (71,2%). Қызылшаның тіркелуі республиканың барлық өңірінде байқалады, 5 өңірде – Нұр-Сұлтан қаласында (ағымдағы жылғы қаңтардан бастап – 1342 жағдай), сондай-ақ Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола және Түркістан облыстарында өсуі байқалады, яғни Алматы қаласындағы 84 жағдайдан Шымкент қаласындағы 700 жағдайға дейін тіркелген. Бүгінгі күні республика бойынша 74 науқас, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 19 науқас емделуде», - деп атап айтты спикер.
Қазақстан Республикасында қызылшамен сырқаттанушылық көбінесе егілмеген балалардың арасында тіркеліп отырғанын, ол 60,2%-дан астамды (2815) құрайтынын, балалар егу жасына толмауы (1 жасқа толмаған) – 54%, медициналық себептермен кейінге қалдырулар (жіті аурулар және созылмалы аурулардың асқынуы, окнологиялық аурулар, орталық жүйке жүйесі ауруларының ауыр үдемелі аурулары) – 32%, вакцинациядан бас тарту –13,9% (391) себептері бойынша егілмегенін атап айтты Жандарбек Бекшин. Сондай-ақ инфекцияның таралуына егілмеген адамдардың, оның
ішінде 80-ші жылдардың соңында және 90-шы жылдардың басында вакцинацияның болмауына байланысты вакцинация алмаған келешек аналардың болуы ықпал етті. Бүгінгі күні эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 10 мыңанан астам адам егілді.
Еуропа өңірі елдерінде қызылшамен сырқаттанушылық бойынша жағдайдың күрделенуі байқалатынын және Қазақстанда сырқаттанушылықтың өсуі көптеген мемлекеттермен іскерлік және туристік қатынастардың болуына байланысты осы елдерде қызылшаның өршуі салдарынан 2018 жылдың соңында орын алғанын еске саламыз. Қазақстанда айналымда жүрген қызылшаның вирустарын генотиптеу еуропалыққа ұқсас D8 және В3 штаммдарының айналымын көрсетіп отыр.
Бұл ретте, В3 генотипінде Dublin генетикалық желілері, сондай-ақ жоғары агрессивтілігімен, патогенділігімен және жұқпалылығымен сипатталатын Kabul желілері анықталған.
Қызылша вирусы ауа-тамшы жолымен жеңіл беріледі және өміршең бөлшектері қызылша ауруын тасымалдаушы үй-жайдан шығып кеткеннен кейін екі сағатқа дейін ауада сақталады. Қызылша бөртпе пайда болғанға дейін төрт күн бұрын және бөртпе пайда болғаннан кейін төрт күнге дейін басқа адамдарға беріле алады. Сондықтан, ауру жұқтырған адам қызылшаның ешбір белгілерінсіз және өзінің денсаулығы туралы білмей вирус таратуды жалғастырады. Олар адамдармен қарым-қатынаста болып, жұмысқа, мектепке, дүкенге барады, маршруттарда және метрода жүреді. Егілмеген адамдар вирусы бар ауамен тыныс алғаннан кейін 90% жұқтыру ықтималдығына ұшырайды.
«Вирустық инфекциялар бойынша, оның ішінде қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жас балалары бар аналарға, сондай-ақ әртүрлі себептермен (баласының денсаулығы жағдайы, егу жасына толмаған, вакцинациядан бас тарту және т.б.) профилактикалық егу алмаған барлық адамдарға қызылша бойынша эпидемиялық жағдай тұрақтанғанға дейін адамдар көп жиналатын жерлерге (сауда-ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, ХҚКО және т.б.) барудан бас тартқан жөн» -деп ұсыным білдірді Жандарбек Бекшин.
Қызылшадан қорғанудың бірден бір тиімді шарасы вакцинация болып табылатынын естен шығармау қажет. Дене қызуының көтерілуі, катаральдық көріністер (жөтел, мұрынның бітелуі, тамақтың ауыруы) және денеге бөртпенің шығуы сияқты белгілер пайда болған жағдайда уақтылы диагностикалау, емдеу және асқынуларға жол бермеу мақсатында дәрігерге жүгіну қажет.
Қазылша медициналық көмекке кеш жүгінген және қоса жүретін ауыр аурулар болған жағдайда өлімге алып келуі мүмкін пневмония (өкпенің қабынуы), бронхит, энцефалит (ми қабығының қабынуы) сияқты асқынулардың асқынуымен қауіпті.
Бұдан басқа, жол жүруді, саяхатқа шығуды жоспарлаған кезде азаматтарға бару жоспарланып отырған елдегі инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдайды білу және қорғаныш шараларын қабылдау, қызылша жағдайы кезінде вакцинация алу ұсынылады.
Тұмаудың және басқа да респираторлық вирустық инфекциялардың маусымын және қызылша бойынша жағдайды ескере отырып, медициналық ұйымдарда эпидемияға қарсы іс-шаралар және дезинфекциялық режим (науқастарға келуді шектеу, бетперде кию режимі, кварцтау режимі, ауа алмасымы) күшейтілді. Республиканың барлық өңірлерінде инфекциялық аурулардың алдын алу жөніндегі аумақтық штабтар жұмыс істейді.
Сондай-ақ, науқастарды уақтылы анықтау үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдарды медициналық бақылау жүргізіледі. Одан басқа, үкіметтік емес ұйымдар тарапынан («Вакцинология» қоғамдық бірлестігі, Педиатрлар қоғамы, инфекционисттер
қоғамы) халықты әлеуметтік жұмылдыру, яғни тұрғындарды вакцинамен басқарылатын инфекциялардың алдын алу шараларына оқыту, вакцинацияны танымал ету және тікелей желі (88000700830) арқылы тегін консультациялық көмекті ұйымдастыру бөлігінде қолдау көрсетілуде.
Еуропа өңіріндегі қызылша бойынша жағдайды ескере отырып, 2018 жылғы маусымда ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен эпидемияға қарсы іс-шаралар күшейтілгенін еске саламыз. Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық департаменттеріне және денсаулық сақтау басқармаларына қызылша бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту және қызылшадан сақтануды арттыру бойынша шаралар қабылдау туралы тапсырма берілді.
31 наурыз 2019 ж. 1 131 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031