» » Балабақшада өткен акциялар

Балабақшада өткен акциялар

Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіндегі «Күнекей» балабақшасында тәрбиешілердің қатысуымен ҚР ДСМ ҚДСК Қызылорда облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандары, «Қызылорда облысы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС және Қызылорда қалалық №4 емханасы мамандарымен бірлесіп «Қызылша ауруының алдын алу», «Дұрыс тамақтануды насихаттау» және «Өз денсаулығың - өз қолыңда» тақырыбында акциялар өткізді.
Акцияны өткізудің негізгі мақсаты – маусымдық жұқпалы инфекциялық аурулардың алдын алу және індетке қарсы санитариялық – эпидемиологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Акция барысында Департамент мамандары аурудың алдын-алу мақсатында материалдар дайындап, «Қызылша ауруының алдын-алу жөнінде» бейне ролик көрсетіп, «Қызылша дегеніміз не және ол несімен қауіпті?», «Тағам өнімдерін дұрыс таңдауды үйренейік, оның ішінде таңбалануы туралы» тақырыптарда лекциялар оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қызылша ауруының алдын алу туралы 50 дана ақпараттық парақша таратылды.

Ботагоз Каримсакова


28 ақпан 2019 ж. 1 411 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 167

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031