» » Адам папиломмасы вирусы

Адам папиломмасы вирусы

Адам папиломма вирусы – тері мен шырышты қабаттардың эпителиіне әсер ететін өте кең таралған вирусты ауру. Оның 100 ден астам түрі бар. Оның 10 нан астамы қатерлі ісікке алып келуі мүмкін. Бұл вирус жыныстық қатынас кезінде, тері немесе шырышты қабықпен тығыз жанасу кезінде және анадан балаға жұғуы мүмкін. Көп жағдайда бұл вирус симптомсыз болады. Сол себептен адам өз ағзасында вирус инфекциясының бар жоғын білмейді. Оны тек анализдер арқылы білуге болады. Бұл вирус жатыр мойнының қатерлі ісігіне, сонымен бірге бас, мойын, қынап, тік ішек және ауыз жұтқыншақ қатерлі ісіктеріне себеп болуы мүмкін.
Жұғу жолдары. Бұл вирус өмірге қабілеттілігін суда сақтай алады. Жыныстық жолмен беріледі. 35-57 жас аралағанда жұқтыру қаупі жиілігі жоғарылайды. Біздің планетамызда шамамен 20 пайыз тұрғындардың қанында бар. Иммунитетіңіз әлсіреген бойда папилломалар дереу шыға бастайды. Папиллома көбінесе адам көп терлейтін жерлерде шығады.
Емі. Тері папиломмасы әдетте зиянсыз. Оны дерматолон, косметолог дәрігер алады. Оны жұлып, кесуге болмайды. Папиломманың алдын алу-кездейсоқ жыныстық қатынастардан бас тарту, салауатты өмір салтын ұстану және иммунитетті арттыру. Жасөспірім қыздар папилломаға қарсы вакцинацияланады. Оған қарсы вакцинация 2024 жылы Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне енгізілді. Онкологиялық аурулардың алдын алу үшін 11 жастағы жасөспірім қыздарды папилломаға қарсы егу жүргізілуде.
А.Әбжаппарова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшы орынбасары
04 маусым 2025 ж. 172 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 258
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031