» » Адам папиллома вирусын тоқтату

Адам папиллома вирусын тоқтату

Жатыр мойны обыры — жыл сайын жүздеген мың әйелдің өмірін қиатын ауыр онкологиялық ауру. Жатыр мойны обыры әйелдерде ең көп таралған үшінші қатерлі ісік болып табылады және бүкіл әлемде денсаулықтың негізгі проблемасын білдіреді.
ЖМО Қазақстанда сүт безі обырынан кейінгі әйелдерде онкологиялық аурулардан болатын өлімнің жетекші себебі болып табылады. Жыл сайын жатыр мойны обыры диагнозын 1600 әйел естиді және жыл сайын еліміздің 500-ден астам әйелі қайтыс болады.
Жатыр мойны обырының негізгі себебі - адам папилломасы вирусы, ол әлемдегі ең көп таралған вирустардың бірі. Созылмалы АПВ инфекциясы әйелдерде жатыр мойны обырының дамуына, сондай-ақ ерлер мен әйелдерде ауыз-жұтқыншақ ісігі, онкогенитальды қатерлі ісік және басқа аурулардың дамуына әкеледі.
Адам папилломасы вирусына қарсы егу жасөспірім - қыздарды өмір бойы өлімге әкелетін аурудан қорғауға, Қазақстанда жатыр мойны обырын жоюдың жаһандық мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
А.Әбжаппарова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшы орынбасары 
12 наурыз 2025 ж. 161 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 614
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930