АПВ вакциналарының қауіпсіздігі мен тиімділігі
Қазақстанда жатыр мойны обыры сүт безі обырынан кейінгі әйелдерде қатерлі ісік құрылымында 2-ші орында.
АПВ-дан туындаған қатерлі ісік – бұл жалпы АПВ вакцинациясын енгізу арқылы толығымен алдын алуға болатын жалғыз қатерлі ісік.
Бүгінгі таңда АПВ-ға қарсы 3 рекомбинантты вакцина бар: екі валентті вакцина, төрт валентті вакцина, тоғыз валентті вакцина.
Барлық вакциналар тазартылған L1 құрылымдық ақуызынан рекомбинантты ДНҚ және жасуша дақылдары негізіндегі технологияны қолдану арқылы жасалған. АПВ вакциналарында өміршең биологиялық материал немесе вирустық ДНҚ жоқ, сондықтан олар инфекцияға әкелмейді.
АПВ вакциналарының иммуногенділігі жоғары. Олар бұлшықет ішіне енгізіледі, бұл дренажды лимфа түйіндеріне жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл вакциналарда қабынуға қарсы ортаны индукциялайтын, күшті гуморальдық реакцияны белсендіруге және сенімді иммундық жадыны құруға көмектесетін адъюванттар шоғырланған.
Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинациялау үшін «Мерк Шарп және Доум» (АҚШ) компаниясы шығарған 4 валентті «Гардасил» вакцинасы қолданылатын болады, ол АПВ-ның неғұрлым онкогенді түрлерінен (6, 11, 16, 18) қорғайды.
Анықтама:АПВ қарсы вакцинаның 351,8 мың дозасы сатып алынды. АПВ-ға қарсы вакцинация жалпы халықтың денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға және онкологиялық аурулардан болатын сырқаттанушылық пен өлім-жітімді төмендетуге ықпал етеді.
Вакцинациямен байланысты минималды тәуекелдер вакцинацияланбаған жағдайда денсаулыққа төнетін қауіп-қатермен салыстырғанда толығымен өзін ақтайды. Біз жатыр мойны обырын жеңе аламыз!
Г.М.Төлепбергенова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы